"Құран үйретемін дейді": Алматы облысында алты баланың анасы айлап жоқ болып кететін күйеуін іздейді

Алматы облысы Талғар ауданында тұратын Гүлбахар Бейсенқызының күйеуі Құран үйретемін деп айлап жоғалып кетеді екен. Бүгінде алты баланың анасы күйеуіне іздеу салады. Осылай қаңғып кеткені дұрыс емес, дейді ол. 

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Талғар ауданының маңындағы саяжайлардың бірінде тұрып жатқан алты баланың анасы Гүлбахар Бейсенқызы қаңтар айының ортасында үйінен баяғы әдетіне басып кетіп қалған күйеуінен балаларына оралуын өтінеді. 

«Күйеуім Қанапияұлы Қасымхан өзінің үш қызы, үш ұлына, туған балаларына қайтып оралсын деп тілеймін. Оның осылай қаңғып кеткені дұрыс емес», - дейді жұбайы көз жасына ерік беріп.

Көпбалалы ана күйеуімен некелескен 12 жылында да оның осылай жоқ болып кететінін айтады. Қайда баратынын сұраса, «Құран оқуға кететінін» айтады екен. Кетерінде телефонын қалдырып, бастапқыда 3 күнге, сосын 10 күнге, мұнан кейін 40 күнге кетіп қалады, дейді алты баланың анасы.

«Біреудің үйінде үш күн болады. Ол жерде үш күн қабылдайды біреуді. Үш күн үйінде қондырады. Қырық күнге кеткенде, бір үйге үш күннен қону керек деп айтады», - дейді Гүлбахар Бейсенқызы.

Кей сапарында шетел асып кететіні де бар екен. Гүлбахар күйеуінің Пәкістан, Үндістан елдеріне де кетіп қалатынын жасырмайды. Әкесі әйтеуір, отын-суын дайындап кеткендіктен, сылағы түскен үйде сәл ғана жылу бар. 

Гүлбахардың сөзінше, күйеуі «дүние жүрекке кіріп алады» деп дүние-мүлік жинаудан түбегейлі бас тартқан көрінеді. Тіпті, кей кетісінде бала-шағасымен қосып үйіне қамап та кетеді екен. Шашын, сақалын өсіреді, шетелге кетерде сақалын көрсетпей, компьютермен жасап алады, дейді көпбалалы ана. 

Гүлбахар күйеуінің нақты қайда барып, немен айналысатынынан хабарсыз. Ал дінтанушылар, ислами ағым ретінде танылған кейбір топ өкілдерінің дінді қате түсінетінін айтады.

«Таблиғин және басқа да ислами ағым ретінде танылған кейбір топ өкілдерінің тағы бір үлкен қаупі – дінді қате түсінеді. Дінді қате түсіну радикалдануға алып келеді. Толыққанды радикал болмаса да, кейбір мәселелерде радикалданады», - дейді дінтанушы Қайрат Құрманбаев. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр