Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қып-қызыл жала: Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпқа жауап берді

Қолөнерші Тұрсынзада Ырзаның мәлімдемесінен кейін жұрт Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның адамгершілік қасиеттеріне күмәнмен қарап, жұлдызды жұпты қатаң сынға алды. Алайда “арым жанымның садағасы” деген Болманов бұл істі жылы жауып қоймақ емес. Танымал музыкант Тұрсынзада Ырзаның сөздерін қып-қызыл жалаға теңеп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қып-қызыл жала: Қыдырәлі мен Қарақат өздеріне тағылған айыпқа жауап берді

Бұл орайда Болманов БАҚ өкілдерінің басын қосып, ресми түрде бұл істің нүктесін қоймақ.

“Құрметті БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары! Бізге қатысты шудың желі тез көтерілуде. Бұл қып-қызыл жала! Ішінде қаңбақ сөз де, ғайбат сөз де өте көп. Ырза Тұрсынзада апайымызбен арадағы істің ақ-қарасын ашық айтатын күн алыс емес. Журналистермен кездесіп, заңды құжаттар мен фактілер бойынша жауап берсек дейміз. Өтетін орны мен уақыты толығырақ тағы xабарланады. Әзірге айтарым осы ғана”, – деп хабарлады Болманов Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, Қарақат Әбілдина да істің ақ-қарасын ажыратып алмай, оқырмандарын жағымсыз пікір жазуда асықпауға шақырды.

“Айтылған сөз атылған оқпен тең. Біздің сыртымыздан неше түрлі дақпырт әңгімелер айтылып жатыр. Біз қазір жолдамыз. Уақыты келгенде бәріне де жауап беретін боламыз. Біз мұны бұлай қалдырмаймыз. Сондықтан да жағымсыз сөз жазуға асықпаңыздар”, – деді ол.

Айта кетейік, Тұрсынзада Ырза Қыдырәлі мен Қарақатты Астанадағы қолөнершілер коттеджін басып алды деп айыптады. Ырзаның айтуынша, Болманов оның құжаттарының жоқтығын біле тұра, оның алдын орап кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау