Құны 2 мың доллар: Әбдіжаппар Әлқожа үстіндегі қымбат киімімен мақтанды

Әншілердің ішкені алдында, ішпегені артында деп ойлайды жұрт. Сахна саңлақтары екі айдың бірінде шетелде жүргендіктен, қымбат киініп, тек қымбат мейрамханада тамақтанатындықтан, елдің солай ойлауы заңдылық та шығар. 

Әбдіжаппар Әлқожа

"Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында Әбдіжаппар Әлқожа үстіндегі қымбат киімімен мақтанды, деп жазады Stan.kz.

"Аяқ киімді Италиядан тапсырыс бергем. Үстімдегі костюм 2 мың доллар, аяқ киім де солай. Белдігім Guссi-дікі, таза оригинал. Иә, аяқ киімім қымбатырақ болып тұр. Арнайы тапсырыспен алдырғам", - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар тележүргізуші Анна Данченкомен қарым-қатынасына байланысты сұраққа жауап берген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр