Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құмар ойынға салынған қазақстандық жігіт 100 миллион теңгеден аса ақшасынан айырылған

Данияр есімді жігіт (есімі өзгертілген – ред.) құмар ойындарға әуестеніп, 8 жылдың ішінде 100 миллион теңгеден аса ақшасынан айырылған. Ол басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Құмар ойынға салынған қазақстандық жігіт 100 миллион теңгеден аса ақшасынан айырылған

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Бақуатты отбасынан шыққан Данияр құмар ойынды 18 жасында ойнап көріп, бәс тіккен. Уақыт өтке келе оның бәске тіккен ақшасының көлемі өсе беріпті. Осылайша, ол ақшасының бәрін онлайн-казиноға жұмсайды. Кейде бүкіл айлығын да ойынға салып жіберген екен. 

Жас жігіт өмірінде не болып жатқанын бақылай алмай қалғанын айтады. Ол шетелде демалып жатқан кезінде де құмар ойындар ойынан шықпапты. Бүгінде Данияр 26 жаста. Оның ойынға салып, ұтылған соңғы дүниесі – әкесі сыйлаған көлігі. Ол көлігі арқылы қарыздарын жапқан екен.

«Бәрі 18 жасымда басталды. Сол кезде достарыммен карта ойнай бастаған едім. Бәрі осыдан бастау алды. Жеңіл ақшаның дәмін таттым. Нашақорлар есірткілік затқа тәуелді болса, мен ойынға, сол эмоцияларға тәуелді болдым. Сол жағдайдың құлына айналған едім. Тіпті, қалай болып жатқанын да білмедім. Өткен өмірімді есіме алғым да келмейді. Туыстарымның, достарымның сенімінен, құрметінен, бәрінен айырылдым. Тіпті, соңы ажырасуға дейін жетті», - дейді Данияр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай ахуалды «тәуелділік» деп бағалайды. Өткен жылдан бері ойынға тәуелділік ресми түрде ауру деп танылған еді. Егер адам бір жыл көлемінде ойыннан бас тарта алмаса, аталған ұйым мұндай мінез-құлықты психикалық бұзылу деп санайды.

Ойынға тәуелділік Қытайда ресми түрде ауру ретінде танылды. Ол жақта ойынға салынғандар саны 350 млн-нан асады. Қазақстанда ойынға тәуелділікті ауру деп тануға асықпай отыр. Тәуелді болып қалғандарға тек жекеменшік клиникаларда көмек беріледі және бағасы да арзан емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр