Құмар Лұқпанов Зелинскиймен түскен видеосын жариялап, халыққа үндеу жасады (видео)
Құмар Лұқпанов 2001 жылғы квндегі видео жазбаны жүктеп, украиндерге үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Белгілі әзілкеш Құмар Лұқпанов 2001 жылы түсірілген архивтегі видеоны жүктеп, жаңа президентке сәттілік тіледі. Оған қоса, Лұқпанов бір сахнада ойнаған әзілкеш досы Зелинскийді шын жүрекпен құттықтады.
"Украина президентімен бір сахнада КВН ойнағанмын. Зелинскийді шын жүректен құттықтаймын. Украина халқы, президенттеріңізге бір бүтін болуға көмектесіңіздер", - деп Украина халқына үндеу жасады Лұқпанов.
Желі қолданушылары өз кезегінде оның бұл сөзін әзілге баласа, екіншілері "дұрыс" деп қоштап жатты.
Талқылау