Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)

Венесуэллада қылмыскерлер көпбалалы ана Роза дель Кармен Кастильо Пеньді балаларының көзінше өлтіріп тастады.

Қылмыскерлер әйелден осылайша кек алған. Мәліметтерге сүйенсек, тонаушылр әйелдің үйінен құнды заттарын алып кетіп, полицейлерге тіс жармауын айтқан. Тонаушылардың бірін танып қалған әйел полицияға арыз жазған.

Полицейлер бандалар мүшесін  анықтаған. Олардың ішінде Джонатан Энрике Акоста есімді қылмыскер де болған. Ұстау кезінде ол қарсылық көрсеткендіктен оны атып тастады. Осыдан соң өзге жақтастары оларды Розаның сатып кеткенін біліп, одан кек алмақ болған. Қорқып қалған әйел полцияға қайта арызданғанбай, үш баласымен анасына кетіп қалады.

5 сәуір күні үш ер адам анасының үйіне келіп әйелден көшеге шығуын сұрайды. Ол тек сөйлесеміз деп алдайды. Кейіннен туыстарының көзінше атып кетеді. Бұл жайтты видеоға да түсірген.

14 сәуір күн полицейлер 5 күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Оладың ішінде 2 жыл іздеуде болған үш күдікті болған.

Ескерту! Видеода зорлық әрекеттері бар. 18 жасқа толмаған және жүрегі ауыратын жандарға видеоны көрмеуге кеңес береміз!

Оқи отырыңыз:

Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады: Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды

Блогер сұхбат кезінде «Человек паук» фильмінде басты рөлді сомдаған актердің аяқ киімін жалауға тырысты

Қуаттағыштың сымымен ұрған: 20 жастағы жігіт төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған

Талқылау