Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерді әйелше киіндірген жауынгер интернет жұлдызына айналды

Мексикалық арнайы жасақтың жауынгері Эрик Моралес Геварра әйел киімін киген наркодиллермен бірге түскен суретінен кейін танымал болып шыға келді.

972a97b4e25befe2ac1067ef84b05d48__1920x

Сурет Cartel Chronicles, Breitbart Texas

Жуырда өткен операция барысында Моралес бірнеше тұтқынды қолға түсіреді. Сосын олардың біреуіне ашық әйел киімін кигізген Моралес, онымен бірге селфи жасаған.

Твиттердің мексикалық сегментінде бұл фото қызу талқыға ұшыраған. Пікір білдірушілер жауынгердің қылмыскерлермен күресуде жаңа тәсіл қолданғанына ризалық білірген. Біреулер, осындай кемсітуден соң есірткі сатушылар енді ол іске жоламайтын шығар деп те болжаған.

Аты-жөндерін құпия ұстаған аталмыш жасақ офицерлерінің айтуынша, Тампико қаласында әрекет ететін Моралестің отряды жергілікті ұйымдасқан қылмыскерлерді ұстауда ерекше күрес жүргізумен танымал екен. Қылмыскерлерді құрықтауда және ұсталған тұтқындарға жаза қолдану барысында Моралестің түрлі кемсітушіліктер мен қатал жаза қолдануға баратынын басшылық та біледі екен. Бірақ, қауіпті қылмыскерлерді жиі ұстап беретіндіктен үнсіз қалуға мәжбүр болады.

Талқылау