Қылмыскер жұмысқа адам өлтіргендіктен келмедім, деп мәйіттің суретін жіберген

Ливерпульде сыраханадан шыққан Иэн және оның 38 жастағы досы Роберт Сэмпи үйлеріне бірге қайтқан. Қылмыскер «Терминатор» фильміндегі музыканы әндетіп жүріп, досына шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің мойнына төрт рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан ұрған.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ол бұнымен қоймай қансырап жатқан жолдасын мазақ қылып, оны видеоға түсірген.

Кісі өлтіруші бастығының полицияға берген «Ватсап» желісі арқылы сөйлескен хатынан кейін қамауға алынды.

“Достым, бәрі дұрыс па? Бүгін Алекс сені отбасылық себептермен жұмысқа келмегеніңді айтты”,-деп жазған кісі өлтіруші жұмыс істейтін мекеменің басшылығы.

“Досым, егер шындықты білгің келсе, онда мен түнде біреуді өлтіріп қойдым. Ал қазір бұл мәселені шешу керек”,-деген жауап жазған қылмыскер.

Қылмыскер жұмысқа адам өлтіргендіктен келмедім, деп мәйіттің суретін жіберген

Жолдасын өлтіргенін өзі мойындаған қылмыскер сөзін растау үшін тіпті, мәйітті суретке түсіріп, бастығына жіберген.

Қайтыс болған адамның отбасы әкесінің жанынан бір елі шықпайтын марқұмның кішкентай қызына оның қайтыс болғанын қалай айтамыз, деп қайғыдан қан жұтуда.

Қылмыскер жұмысқа адам өлтіргендіктен келмедім, деп мәйіттің суретін жіберген

Ал, қылмыскердің жасаған әрекеті әшкере болғаннан кейін, ол жауапқа тартылды. Ливерпуль соты айыпталушы шартты түрде босатылып шығу туралы өтініш білдіру үшін, алдымен 21 жыл түрмеде отырып, жазасын өтеуі тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, оның 31 жасар құрбысы Кирсти Джервис мәйітті бақшада жасыруға көмектескені үшін екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскер жұмысқа адам өлтіргендіктен келмедім, деп мәйіттің суретін жіберген

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар