Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскер жарадар қызды өлтіру үшін оны 16-шы қабатқа дейін қуған

Мәскеуде қайтыс болған 14 жасар қызға қатысты қылмыстың жаңа деректері анықталды. Қыз өлер алдында қылмыскерден қашып 16 қабатқа дейін жаралы күйінде жүгірген.

50-зарезали-ножом-сонник (1)

Сурет: snitsya-son.ru 

Деректерге сүйенсек, 11 мамыр күні 14 жастағы қыз бала мен танысы подъезде сөйлесіп тұрып, арасында жанжал басталған. Даудың соңы төбелеске ұласып, танысы қызға пышақ ала жүгірген.

Қылмыскер қызға 6-қабатта тап берген. Қыз одан құтылу үшін жаралы күйінде 16-шы қабатқа дейін көтерілген. 22-қабатқа келгенде есін білмей құлап қалған. Жасөспірім оны пышақпен 20 рет жаралаған. Пышақ 18-қабаттан табылған.

Ресей президенті жанындағы бүлдіршіндер құқын қорғаушы уәкіл Павел Астахов тергеу жұмыстарын өз бақылауына алған. Ол жасөспірімге қылмыс жасаған адамның жазалануы керектігін айтты.

Айта кетейік, 14 жастағы қыз бала тұрғын үйден өлі күйінде табылған еді. Ол ауруханаға жеткізіліп, алайда жарақаты салдарынан көз жұмған. Кейіннен полицейлер қыздың танысын, 9-сынып оқушысын, күдікке алды. Күдікті жарақаттарына байланысты ауруханаға жатқызылған. Болжам бойынша оны қорғану үшін қайтыс болған қыз жарақаттаған.

Қазір күдіктіні ұстау және оны айыптау мәселесі талқыланып жатыр.

Талқылау