Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыс әлемінің қожасы 22 жылға бас бостандығынан айрылды

Қазақстан түрмелерінен қаржы жинап, жазасын өтеушілердің тыныштығын бұзып келген қылмыскер Шымкентте сотталды. Қылмыс әлемінде Бондо лақап аты бар Стуруа Бондоға үкімді Оңтүстіктің соты кесті. 005-23-640x368

Бұл туралы Шымкент жаңалықтары хабарлайды.

Бондо Стуруа лақап атымен танылған халықаралық ұрыға үкім Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта оқылды. Сотқа төрағалық еткен Әбинұр Қарабаев қазақстандық Бонд есімімен белгілі болған күдіктіні аты-шулы әккі адам деп есептейді. Ол екі жыл бұрын Мәскеуде қолға түскен.

Кейіннен Қазақстанға жер аударылып, Шымкенттегі тергеу изоляторына қамалған. Оған еліміздегі қылмыстық ұйымға басшылық жасап, халықаралық қылмыстық серіктестерін қаржыландырған деген айып тағылады.

Ашық түрде өткен отырыс орыс тілінде өтті. Прокурордың айтуынша, Бонд Қазақстандағы қылмыстық серіктестікке басшылық еткен. Халықаралық қылмыстық бірлестікті қаржыландырып отырған. Онымен қоймай, еліміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан қылмыстық авторитеттерді осы ұйымға тартқан. Мемлекеттік айыптаушы оның көмекшісіне 7 жыл, ал түрмедегілердің үстінен қарап жүрген Бондоға 25 жыл беруді сұрады.

Бондо бұған дейін Қазақстан заңымен 4 рет сотталған. Кәмелетке толмаған кезінде де сотты болған көрінеді. Негізі Грузия елінің тумасы 1995 жылдан бері Қазақстанда жүрген.

Оның Андрей Ли деген көмекшісі де үш рет сотты болған. Соңғысында көлік ұрлап, адамға дене жарақатын салып, қару асынғаны үшін ұсталып, қамалған. Осы Андрей Ли арқылы Бондо түрмелердегі проблемаларды шешіп бергені үшін қаржы жинап отырған. Сотталғандардың тыныш өмірі үшін туыстарынан да ақша алып келген.

Түрмеде жазысын өтеп отырған Андрей Лидің бұған дейін 5 жыл 4 айға сотталған жазасына енді тағы 7 жыл қосылды.

Талқылау