Қылқобызбен күй тартқан шымкенттік студент шетелдік мамандарды тәнті етті

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 14:54

Шымкенттік студент Еркебұлан Сәбит халықаралық Paris Magic star интернет-конкурсының жүлдегері атанды. Қазақтың ежелгі аспабы қылқобызбен нақышына келтіре Ықыластың “жалғыз аяқ” күйін орындап берген Еркебұланға қазылар алқасы тәнті болып, мәртебелі екінші орын берген.

ыммымыымым

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Еркебұлан Париж сахнасына шығып өнер көрсеткен жоқ. Ол бар болғаны өзінің күйді орындаған бейнежазбасын әлемнің әр түкпірінен келген комиссияға жолдады. Ұйымдастырушылар қазақстандық студенттің шеберлігін жоғары бағалап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне алғыс хат жіберген. Ең бастысы Еркебұлан осы жылдың 16 маусымында Ницаа қаласында өтетін аталмыш жарыстың финалына жолдаманы жеңіп алды. Әрине, ол жарысқа қатысу мәселесі қаржылық жағдайға байланысты әлі толық шешілген жоқ.

“Әрине, біз жарыстың финалдық бәсекесіне қатысқымыз келеді. Бірақ, бұл жағдай біздерді қаржылық тұрғыдан қолдайтын адамдар табылғанда ғана”, – дейді жас музыканттың жетекшісі Айман Қарсыбаева.

Бұл Еркебұланның бірінші жеңісі емес. Ол Мәскеуде өткен халықаралық интернет-конкурстың бірінші орынын иеленген еді. Аталмыш сайыс БҰҰ-ның халықаралық ақпараттандыру академиясының қолдауымен жүзеге асқан. Сондай-ақ, еншісінде Ұлыбританияда өткізілген интернет-сайыстың да жүлдесі бар. Ал күзде Еркебұлан дәстүрлі республикалық Ықылас Дүкеновты еске түсіруге арналған қобызшылар байқауында бақ сынайды.

Ирина Галушко

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар