Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда премьер-министр кеңсесінде ең атақты мысық жұмысын жалғастыруда

Британиядағы премьер-министрге арналған резиденцияны Дэвид Кэмеронның отбасымен бірге тастап шыққанына қарамастан, Ларри есімді мысық әлі сонда қала беруде.

_90358036_mediaitem90358034

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

2011 жылы алынған Ларри резиденцияға жаңа премьер болуы мүмкін Тереза Мэй келемін дегенше қала береді. Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі Лариидің мемлекеттік қызметкер және оның Кэмерон отбасына тиесілі еместігін айтып отыр.

Ларри Даунинг-Стриттегі ең танымал мысық. Оның тіпті “Твиттерде” жеке аккаунты да бар. 2011 жылы оған арнап жазылған “Ларии күнделігі” атты кітап шықты.

_90358082_gettyimages-490747949

Ларри тышқанға қақпан құратын резиденция тарихындағы үшінші мысық. 1989-1997 жыл аралығында бұл міндетті Хамфри есімді мысық атқарған. Ол бұл қызметті Маргарет Тэтчер, Джон Мейджор және Тони Блэр премьер болған кезде істеді.
2007 жылы бұл орынға Сибил атты мысық келді. Алайда ол 2008 жылы қызметтен кетіп, 2009 жылы қайтыс болды. Сибил премьер-министр Горден Браунға ұнамады деген сыбыс бар.

Бұған дейін Германиядағы университеттердің бірінде мысықтың жұмыс істейтіндігі туралы жарияланған еді.

Талқылау