Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ҰБТ-дан жоғары ұпай жинады

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат жайсыз жайтқа тап болғанымен, бұл отбасы үшін бүгін қуанышты күн! Себебі елімізге белгілі жұптың тұңғышы Бекболат білім сынағынан сүрінбей өтіп, ҰБТ-дан жоғары ұпай жинады. Ол тесттен 128 балл алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ҰБТ-дан 128 ұпай жинады

Бұл қуанышымен Болманов желідегі парақшасында бөлісті.

“Сүйінші! Қасиетті оразада сәресіден кейін күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне таң намазына барып тілеген тілектерімнің бірі – өзі берген перзенттерін тіл-көзден, бәле-жаладан, жаман адамдардан, ауру-сырқаудан, қауіп-қатерден, жол апаты, су апаты, от апаттарынан сақтап, жүректерін иман нұрымен нұрландырып, сүйікті құлдарының қатарынан қылып, салиxалы ұрпақтан етіп, әр перзентінің бақытын көрсетіп, қол жайған әр мұсылманының тілегін қабыл етіп, отбасыма, туған-туыстарыма, әр отбасына екі өмірдің абырой-бақытын бер деп күнде, көп тіледім.

Пендеміз ғой, өмір сынағынан, оқу сынағынан аман-есен өткізіп, абыроймен өткізіп, өзің қорған болшы деп тіледім. Алла xақ! Алла естіді, соңғы күндері уайымдап, Қарақатым екеуміз өте алаңдадық. Балалары мектеп бітіріп, ҰБТ тапсыратын әрбір ата-ана түсінеді мені… Міне бүгін Алматыдан келе салып, баламның ҰБТ-ны 128-баллмен тапсырғанын естігенде құшақтап тұрып, жас балаша жыладым. Мейірімді Аллаға сансыз мадақ! Әр отбасына осындай ,ақыт тілеймін! Шын жүрегімнен осындай бақыттан ғана жылауларыңызды тілеймін! Ұзағынан сүйіндіргей!” – деді ол.

Сондай-ақ, қуанышы қойнына сыймаған Қарақат Әбілдина да ұлының әке үмітін ақтағанына бақытты екенін жеткізді.

“Осындай маңызды сәтте қасында болмадық деп жолдан уайымдап келіп едік, жоғары көрсеткішімен төбемізді көкке жеткізді. Әкесінің үмітін, ұстаздарының еңбегін, 11 жыл алған білімін ақтай білгені аналық жүрегіме үлкен қуаныш сыйлап отыр. Бұл өмірде ата-ана үшін баланың амандығы, баланың қуанышынан асқан бақыт жоқ қой. Баршаларыңыздың осы уақытқа дейінгі ақ тілектеріңізге мың алғыс айтамын! Барлық түлектердің үлкен өмірге басқан қадамдары нық, армандары асқақ болғай!” – деп ақжарма тілегін білдірді Әбілдина.

Айта кетейік, Бекболат Болман биыл еліміздегі IQ көрсеткіші жоғары оқушылар санатына кірген болатын. Сондай-ақ, ол еліміздегі тұңғыш зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арналған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы болып бекітілді.

 

Талқылау