Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы мемлекеттік грантқа ие болды

Бүгін 2018-2019 оқу жылы бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жария болды. Мемлекет есебінен тегін білім алатындардың қатарында қазақстандық жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат Болмановтардың үлкен ұлы Бекболат Болманов та бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы мемлекеттік грантқа ие болды

Бұған дейін ата-анасы ұлдары Бекболаттың ҰБТ-дан 128 балл жинағанын айтып мақтанған еді.

Жас жігіт Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алатын болады. Ол туризм мамандығын таңдаған.

Айта кетсек, Болмановтар отбасы Астанада зәулім коттедж тұрғызып жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау