Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов өзі көрген қиыншылықтар туралы кітап жазып жатыр

Продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов өзі туралы кітап жазып жатыр. Кітап мазмұны өмірде болған шынайы оқиғаға негізделген, деп хабарлайды Sputnik-ке сілтеме жасаған Stan.kz.

“Кітапта бұл жылдарда басымнан қандай оқиғалар өткенін баяндайтын боламын. Сондай-ақ, арнайы батальонде борышымды өтеп жүріп қандай қиындықтарға тап болғанымды және ол қиындықтардан қалай құтылып шыққанымды жазамын. Кітап желісі толықтай шынайы оқиғаларға негізделмек”, — деп жоспарын бөлісті продюсер.

Болманов, мұнымен қатар, бұл кітапты өмірден өз орнын таба алмай жүрген 20 жастағы ұл-қыздар үшін жазып жатқанын айтып өтті.

Әншінің айтуынша, кітап 20 жастағы қыз-жігіттерге арналады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау