Қыдырәлі Болманов: Мен ешқашан ажыраспаймын

Қыдырәлі Болманов Қарақат Әбілдинамен некесін қидырмас бұрын өзіне уәде берген. Ешқашан ажыраспаймын деген ол осы күнге дейін берген сертінде тұрып келеді. Әрі қарай да солай жалғасатынына күмәні жоқ.

Қыдырәлі мен Қарақат

Болманов бұл туралы “Асыл арна” арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Үйленген кезде неке қиюға мешітке бардым. Жаратқан Алладан әр пенде сияқты бақыт сұрадым, береке тіледім. Сосын өзіме-өзім мен ешқашан ажыраспаймын деп уәде бердім. Өйткені күмәнді ойды миыңа салып қойсаң, ол да дәнек сияқты өседі. Ал бір ойды бекітіп қойсаң, ол да өседі.

Мен ешқашан ажыраспаймын деп бекітіп қойғаннан кейін ғана сен солай ойлайсың, сол бағытта өмір сүресің. Кешіріммен қарайсың, өзіңді де тежейсің. Мен мынаны істемеуім керек, ренжітпеуім керек, әсіресе, жүрегін жылатпауым керек деген ойлар жыл өткен сайын бір-біріңе жақындастырып, екі қол сияқты бірігіп, біртұтас жұдырыққа айналмайынша, отбасының беріктігінде әрқашан кінәрат болып тұратын сияқты”, – дейді Болманов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр