Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов: Қызым болса, Қарақатқа ұқсасын деп армандаған едім

Жақында ғана көптен күткен қызына арнап дүркіретіп той жасаған Қыдырәлі Болманов қандай сезімде жүргенін әңгімеледі. Ол бұған дейін қыз бен ұлдың ара-жігін ажырата алмағанын айтып берді. Тек Аяласы дүниеге келгеннен кейін, қыз баланың орны ерекше екенін түсіне бастағанын атап өтті.

Қарақат Әбілдина

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Балаларым ораза айына тікелей қатысты. Аяламыз былтыр ораза айында дүниеге келді. Аллаға сансыз мадақ деймін. Бұл – үлкен бақыт. Әсіресе, қызды көп аңсаған Қарақат. Біздер, ер адамдар онша біле бермейміз. Бізге ұл мен қыздың айырмашылығы аса жоқ, бәрі перзент, бәрі сәби. Бірақ қыз баланың орны бөлек екенін сезеді екенсің. Ол деген жүрек, ол деген шуақ. Ол деген бақытыңды еселейтін үйдің берекесі. Күндіз біздің Алла берген күніміз, түнде айымыз. Сондықтан таңертең тұра салысымен балаларымызбен бәріміз соның төсегіне барамыз, оны көтереміз, құшақтаймыз. Үйге керемет бір шуақ келген сияқты, күннің бір бөлшегі үйге енген сияқты. Сондықтан ұлдарыңыз да, қыздарыңыз да көп болсын”, – дейді Болманов.

Бұған дейін Қарақат қызы Аяланың марқұм енесіне ұқсайтынын айтқан болатын. Алайда іштей әнші көптен күткен кестетігерінің өзіне ұқсағанын қалағандай. Себебі Қыдырәлі Болмановтың өзі қызының жары Қарақатқа ұқсағанын армандапты.

“Достарымның бәрі айтады, балаларың өзіңнен аумайды, мөр басып қойған сияқтысың деп. Енді бәрі Алланың қолындағы дүние. Өз басым қыз болса, Қарақатқа тартса деп ойлағанмын. Өйткені Қарақаттай әдемі, сұлу болса деген едім. Ең бастысы, Алла берекесімен берсін. Перзент маған тартты екен деп мақтана алмаймын, Қарақат “маған тартпады” деп ренжи алмайды. Аллаға шүкір, ең бастысы, ғұмырлы болсын, Алланың сүйікті құлы болсын, салихалы ұрпақ болсын. Бірақ енді әзілдеп 99% акциясы менікі деп қоямын”, – деп түсіндірді ол.

Тағы оқыңыз: 

Песни” шоуына қатысып жатқан Назима Тиматимен дуэт орындайды

Жолдасым қазақшылыққа салынды: Айнұр Ілиясова ашық суреттеріне деген күйеуінің көзқарасы жайлы

Жайдарманшы Мереке: Арсен екеумізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін

Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты

Талқылау