Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов әріптестерінен қалмай фильм түсірмек

Соңғы жылдары әншілер жарыса фильм түсіруді әдетке айналдырды. Қайрат Нұртас, Бүркіт, Төреғали мен Ерке, Сиви Махмуди сынды “микрофон иелері” халыққа өз туындыларын ұсынып үлгерді. Осы уақытқа дейін өзін ән мен бизнес әлемінде сынап көрген Қыдырәлі Болманов енді кино түсіріп көрмек.

Қыдырәлі Болманов әріптестерінен қалмай фильм түсірмек

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Алайда ол үшін Болманов алдымен кітап жазбақ ниетте.

“Мен қазір бір кітап жазып жатырмын. Қашан бітіретінімді әзір айта алмаймын. Бірақ сол кітаптың желісімен түсіретін шығармын. Ол фильмді елестетіп та қойдым. Неден басталады, қай жерлері қамтылады. Қырғын төбелестің арасында жүрген бозбала кездеріміз, бәрі балаға да, жасөспірімге де, үлкенге де қызық болу керек”, – дейді Болманов.

Ең бастысы, бәрі шынайы оқиғаға құрылады. Тек кімнің басынан өткен оқиға екенін халық кітап жарыққа шыққан соң біле алады.

“Ол жерде өтірік айтылмайды. Ол жерде қорқыныш та, қуаныш та, қызық та шынайы беріледі. Елестеткен кезде өзіме керемет фильм болатын сияқты сезіледі. Динамикалы, керемет фильм болатыны анық деп ойлаймын. Өйткені көп нәрсені мыжымай, кәдімгі нақты-нақты, төбелесетін жерінде төбелесіп, ұшатын жерінде ұшып, қонатын жерінде қонып деген сияқты ғой”, – деп түйіндеді сөзін Қыдырәлі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау