Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов ақындығымен таңғалдырды

Продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов енді ақындығымен таңғалдырды. Ол айтыс дүлдүлдерімен түскен суретін жариялап, оларға жыр шумақтарын арнады.

болманов кайрат тореш

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қыдырәлі Болманов айтыс марқасқалары – Ринат Зайытов, Қайнар Алагөзов және Төреғали Төреәлімен бірге түскен суретін көрсетті.

болманов акындармен

Оның тұсына:

«Мен тұрмын ақындардың арасында,
Жақсымен жайсаңдардың бәрі осында.
Қожабай мен Болманның ұрпағымын,
Хақым бар ақындармен санасуға.
Жігіттер төрт көзіміз түгел болып
Қазақтың біз жүрейік даласында!» – деп жазып қойды.

Желі оқырмандары Болмановтың айтыскер ақындардан кем түспейтінін айтып жатты.

“Пах, шіркін, ақыннан несі кем?”, “Қыдырәлі аға, жарайсыз. Керемет өлең шумақтарын жазыпсыз. Сізде де ақындық қасиет бар-ау шамасы”, “Аға, ақындығыңыз да бар ма?”, “Сіз де ақындардан асып түспесеңіз, кем түспейтін сияқтысыз”, “Сіз де ақынсыз ғой, МашАлла”, “Қыдырəлі, сен де ақын серісің бе, Басқа қырдан көріп тұрмын желі ішінде. Тамаша жігіттерді көріп тұрмын, Дәрежесі жоғары елі ішінде. Өнерің үстей берсін! Кыдырəлі ақын деп қояйын”, – деп пікір білдірді таңданысын жасыра алмаған желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова ұлының бесік тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Жұрт Пасха мерекесін тойлаған Баян Есентаеваны сынап тастады (фото)

Есін жиған Ернар Айдар тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты

Жүнісова: Мен Гүлнұрдың кешіріміне зәру емеспін. Ол өзінің қандай екенін көрсетті

 

Талқылау