Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КВН-ші Азамат Мұсағалиев ұлтына қатысты сұрақтардан мезі болғанын айтып, бәріне жауап берді (видео)

Танымал КВН ойыншысы және ресейлік «Интерны» сериалының жұлдызы Азамат Мұсағалиев ұлтына қатысты сұрақтардан шаршағанын айтады. Ол қысқа видео арқылы бәріне жауап берді.

0003

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады.

«Сіздерге не болды, жігіттер? Википедияны ашып қарасаңыздаршы, сонда барлық ақпарат бар. Сіздер ол жағынан ерінбейтін едіңіздер ғой? Қазақпын ба? Қазақ емеспін бе? Қазақша сөйлей алам ба? Сол бір сарындағы сұрақтардан мезі болдым», – дейді КВН ойыншысы.

Әрі қарай Мұсағалиев өзінің қазақ екенін және қай рудан екенін айтты.

«Бұдан басқасы маңызды емес», – дейді ол видео соңында.

Азамат Мұсағалиев Астрахань облысының «Камызяк өлкесінің құрама КВН командасында» ойнап танылған еді.  Қазіргі уақытта «Интерны» комедиялық сериалында Тимур Алабаев есімді жылпос дәрігердің рөлінде ойнап жүр.

Талқылау