Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін қызғанып билеген Мәдина Сәдуақасова елді таңғалдырды (видео)

Жақында отбасымен Дубайда болып келген Мәдина Сәдуақасова демалыс кезіндегі қызықты кадрларды жариялаудан жалығар емес. 
Әнші шетелде шығыс биін билеген видеосын желіге жүктеп, қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz.

"Бүгін шығыс би билеген қыздан Олжасты қызғандым. Назарды өзіме аудару үшін ба, әлде көңіл күйім күшті болып билегім келді осылай. Қалай?", – деп жазды ол. 

Желі оқырмандары әншінің икемділігіне, ритмге сай билегеніне қайран қалуда. Көпшілік Мәдинаның арт жағында биші қыздың бар екенін байқамаған. 


"Жағажайда туфлимен жүр": Мәдина Сәдуақасова күлкіге қалды 


"Енді басқа келіншектер жігіттерін сізден қызғанып билеп кетпесе", "Күшті қимылдайды екенсіз, керемет", "Мына видеодан кейін Олжас сізді қызғану керек", "Бұндай да өнеріңіз бар екенін білмеппіз", "Шетел бишілері қазақ қызы Мәдинадан үйренсін", – деп пікір білдірді олар. 

 

 

Талқылау