Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуімен ұрысып қалған: Павлодарда полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

Павлодарда полиция қызметкері суицидтің алдын алды. Осылайша, ол үш баланың анасын құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күйеуімен ұрысып қалған: Павлодарда полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

24 сәуірде бақылау пунктінде кезекшілікте тұрған кіші лейтенант Ербол Айғожинге сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші Ертіс өзеніндегі көпірде белгісіз әйелдің жылап тұрғанын айтыпты. Мұнан кейін сол жерге барған полиция қызметкері көпірдің шетінде жылап отырған әйелді көреді. 

Ербол әйелдің мойнынан ұстап үлгеріп, оны өзіне қарай тартып қалған. 
Артынша анықталғандай, 35 жастағы әйел сол күні күйеуімен ұрысып қалып, өзіне қол жұмсауды ұйғарыпты. Әйел мас болған.

Ербол Айғожин бұған дейін тағы бір әйелді құтқарған екен. Ол да көпірден секірмек болған. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің патрульдік полициясының рота қызметінің инспекторы, кіші лейтенант Ербол Айғожин ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. 

Аталған факті ҚР ҚҚ 105-бабы 1-тармағына (Өзәне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне тіркелді. 
 

Талқылау