Кувейт кеденшілері есірткі арқалаған көгершінді ұстап алды
Кувейтте кеден қызметкерлері Ирактан есірткі алып ұшып келе жатқан көгершінді ұстап алды.
Бұл туралы Al Arabiya хабарлайды.
Абдали шекара бекетінде қызметкерлер шекараны көгершіннің кесіп өткенін байқап қалған. Олар құстың жәй және ауыр қысыммен ұшып бара жатқанын байқаған соң күдіктенген. Құс шекарадан өткен соң жүк көлігінің үстіне отырып, сосын әрі қарай сапарын жалғастырған.
Мамандар оның ізін аңдып, көп ұзамай шекара бекетіне жақын жердегі ғимарат шатырынан ұстаған.
БАҚ-та жарияланған суретте құстың арқасына матадан жасалған қалташа жапсырылып, оның ішінде есірткі болғаны анық болған. Одан жалпы саны 178 таблетка табылған. Тергеушілер көгершіннің иесін тауып, оны жауапкершілікке тартуды көздеп отыр.
Оқи отырыңыз:
87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)
Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр
Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)