Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күтушісі өсірген қыздың оқиғасы: Ақтөбеде 5 жасар қыз төрт жылдан кейін келген анасын бірден таныды

Ақтөбеде 4 жыл бала күтушісінің қолында болған 5 жасар қыз анасымен кездесті. Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны күтушісі Марианна Фотекстің қолында болды. Бұған дейін қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қалалық мемлекеттік органының қыз баланың анасына іздеу салғаны мәлімденген, деп жазады Қазақпарат.

Күтушісі өсірген қыздың оқиғасы: Ақтөбеде 5 жасар қыз төрт жылдан кейін келген анасын бірден таныды

Көрнекі сурет

Баланың анасы Астанадан табылды. Оның ісін Ақтөбеде әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі мен бала құқығын қорғаушы комиссияның жиынын күтіп жүр. 

"Кеше қыздың анасы келді. Бала өзін жақсы сезінеді", - деді балаларды қолдау орталығының басшысы Аяла Өмірбек. 

5 жасар қызбен психологтар жұмыс істейді. Бала анасымен бір рет қана кездесіп, оны таныған. 

"Біз бала мен анасының бірге болуына бар жағдайды жасаймыз. Олар күнделікті бақылауға алынды. Қыз бала жақсы тәрбиеленген. Онымен тез тіл табысуға болады. Анасын бір көргеннен таныды. Оны ұмытпаған болса керек. Қызы анасына барғысы келеді", - дейді психолог Нұргүл Басығарина. 

Қыз баланы асырап өсірген Марианна Фотекс күн сайын орталыққа келіп тұрды. Ол да 5 жастағы қызды асырап алғысы келеді. Бірақ мұның бәрін комиссия шешеді. Екі тарап та  комиссия шешімімен келісетіндерін айтты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр