Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарушылар тауда адасқан жігітті ұялы телефонның көмегімен тапты

Алматы тауында адасқан турист ұялы телефонның көмегімен табылды. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

11463723

Оқиға 27 наурыз күні болған. Жас жігіт достарымен бірге Букреев шыңына шыққан. Шыңға шығар жолда қатты шаршағандықтан, достарын жарты жолда күте тұрмақшы болыпты. Достары оның ешқайда кетпеуін сұрап, өздері ары қарай жүре берген. Алайда, жігіт аздап демін басқан соң, өздігінен жүре беруді жөн көрген. Соңында, жолдан адасып кеткен.

Оны іздеуге 11 құтқарушы жұмылдырылған. Құтқарушылар жігітті іздеу барысында, онымен телефон арқылы сөйлесудің сәті түсіпті.

Бас құтқарушы-кинолог жігітке мобильді телефон арқылы адамның қай жерде екенін анықтайтын бағдарламаның жүйесін түсіндірген. Адасқан жігіт құтарушының айтуы бойынша, өзінің мекен-жайын анықтап, WhatsApp желісі арқылы мәлімет жіберген.

Кешкісін құтқарушылар жігітті тауып, оның таудан төменге түсуіне көмектескен. Ол жерде жігітті туыстары күтіп алған.

Талқылау