Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарушылар Алматыдағы бақ шаруашылығы аумағын су басу қаупінен аман алып қалды

Алматы қаласы Алатау ауданындағы Қарғалы өзені бойындағы «Теплоэнергетик» бақ шаруашылығына қарасты жер үйлерді су басып қалды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

10680749

Сурет Елена Бережная

Өзен арнасындағы су деңгейінің көтеріліп, үйлерге қауіп төндіре бастағанын 10 ақпан күні қалалық төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындар хабарласып айтқан.

«Қауіп орын алған мекенге келген арнайы мамандар су деңгейінің қар суы әсерінен көтеріліп кеткенін анықтаған. Елді-мекенді су басып қалмас үшін, төтенше жағдайлар қызметкерлері, Алматы қалалық құтқару қызметі апаттың алдын алу жұмыстарын жүргізді»,  – дейді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Оның мәліметінше, ұзындығы 400 метрге созылып жатқан бақ аумағы көлемі экскаватор көмегімен қар, мұздан тазартылған. Жалпы, жойылған қар мен мұздың көлемі 216 куб метрді құрады.

Қазіргі кезде Қарғалы өзенінің суы қалыпты деңгейде тұр. Су деңгейі  түсіп, елді-мекенге төнген қауіп сейілді. Алдағы уақытта ауа-райының әсерінен осы жағдай қайталануы мүмкін деген қауіппен, аталған орынға кезекші топ қалдырылған. Егер, апатты жағдай орын ала қалса, негізгі күш жетемін дегенше Төтенше жағдайлар департаменті мен құтқару қызметіне тиесілі кезекші топ пен екі ауыр техника жұмылдырылады.

Талқылау