Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Испанияның Малага қаласында көлемді арнайы операция жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тереңдігі 100 метр, ені 25 сантиметр ғана болатын шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы шығара алмай жатқанына 7 тәулік болды.

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі жасар бала серуендеп жүрген кезінде шахтаға құлап кеткен екен. Бейресми мәліметке сәйкес, аумақтың иесі шұңқырды қазып, оны қоршауды ұмытып кетіпті.

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Баланың ата-анасы күні-түні шахтаның жанынан кетпей, күтуде. Алайда баланың тірі не өлі екені белгісіз. Бастапқыда оның жылаған даусы естілген. Алайда артынша тынышталып қалыпты.

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Болжам бойынша, бүлдіршін 80 метр тереңдікте жатыр. Құтқарушылар шахтаны кеңейту туралы шешім қабылдай алмай отыр. Сондықтан қарсы орналасқан шұңқырды қазу арқылы балаға жетпек.

Құтқарушылар 100 метрлік шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы бір апта бойы шығара алмай жатыр

Жергілікті ұсталар бүлдіршінге жету үшін лифт тәрізді құрылғы жасаған. Ол 20 қаңтар күні сынақтан өткізілді. Тексеру кезінде қолдан жасалған автокранды 33 метр тереңдікке түсіру мүмкін болды. Құтқарушылар осы капсуланың көмегімен қалған топырақты жоғарыға көтермек. Автокран бір талпыныстан  500 келі топырақты көтере алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау