Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құтқаратын ешкім болмаған: Таразда екі бүлдіршін өртенген үйден шыға алмай көз жұмды

Үш жасар қыз бен 5 жастағы ұл өртенген үйден шыға алмай түтінге тұншығып қалған. Болжам бойынша, жалынды сіріңкемен ойнаған балалардың өздері тұтатуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ал от құрсауында қалған балаларды құтқаратын ешкім болмапты.

Өкінішке қарай, еш мүмкіндік болмапты. Жамбыл жұртының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға кеше кешкісін болған. Кәугерлердің айтуынша, 5 және 3 жастағы екі бүлдіршін үйлерінде өздері ғана жүрген екен.

Құтқаратын ешкім болмаған: Таразда екі бүлдіршін өртенген үйден шыға алмай көз жұмды

Ал оларға бас-көз болу үшін қалдырылған 7-сыныпта оқитын ағасы сол сәтте дүкенге шығып кеткен көрінеді. Ол небәрі 20 минутта оралғанымен, үйі өртке оранып жатқан. 14 жастағы жасөспірім дереу баспанаға кіріп, түтінге тұншыққан бауырларын сыртқа алып шыққанымен, тым кеш болған.

“Ол кезде от қатты жанып жатқан жоқ еді. Түтін будақтап тұрған. Балаларды далаға алып шыққанда олар өлі болатын. Алғашында есінен танып жатыр ма деп ойлағанбыз. Ыста 5 минут қалсаң жетіп жатыр. Ал олар ұзақтау жүріп қалған”, – дейді оқиға куәгері Галина Прохорова.

Тағы да оқыңыз:

Танымал қазақ сатиригі өзінен 32 жас кіші әйелін көрсетті (фото, видео)

Жан Ахмадиев: Жезөкшелерді малға теңеймін

Шаханов: Үшінші әйеліммен тұрып жатырмын, бірақ өмірде махаббат биігінде жолығатын әйелді кездестірмедім

«Әйелдерді қамшымен ұру керек» деп уағыз айтқан белгілі исламтанушы халықтан кешірім сұрады

Талқылау