Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құшағы гүлге толды: Ресейдің Жаңа жылдық кешінде ән шырқаған Димаш Құдайберген көрермендерді баурап алды (видео)

Ресейдің жыл сайынғы Жаңа жылдық кешіне қатысқан Димаш Құдайберген шетелдік көрермендерін тағы да баурап алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Құшағы гүлге толды: Ресейдің жаңа жылдың кешінде ән шырқаған Димаш Құдайберген көрермендерді баурап алды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жыл сайынғы өтетін «Песня года» Жаңа жылдық концертінде өнер көрсеткен сәті «Россия 1» телеарнасының YouTube каналында жарияланды.

Димаш Құдайберген «Олимпийский» кешенінің сахнасында маэстро Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Любовь уставших лебедей» әнін орындады. Талантты қазақстандық әншінің жанкүйерлері әдеттегідей оның құшағын гүлге толтырып, орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

Талқылау