Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылыс алаңында жұмысшылардың басына кірпіш құлады

Көкшетауда құрылыс алаңында екі жұмысшының басына кірпіш құлап кетті. Кранға тиелген кірпіштен дене жарақатын алған азаматтар ауруханаға жеткізілген. Жедел түрде ота жасалған құрылысшылардың бірінің жағдайы ауыр. Алайда, тапсырыс беруші компания басшысы мен қосымша мердігерлікті алған жеке кәсіпкер жауапкершілікті мойындарына алғысы келмейді.

stoimost_kirpichnoi_kladki_za_1m3-01

Сурет: eco-stroitelstvo.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оқиға көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқан дәл осы алаңда болған. Құрылыс краны кірпіш тиелген көтерме тақтайды жоғарыға шығарып бара жатқанда, сымы босап кетеді. Кесірінен кірпіштер төменде жүрген екі жұмысшының үстіне құлайды. Куәгерлер сөзінше, кран көтергенде, қауіпсіздікті бақылайтын нұсқаушы болмаған. Қазір жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліген 51 жастағы азамат жеңіл жарақатпен үйінде ем қабылдауда. Ал, 31 жастағы жігіттің жағдайы ауыр деді дәрігерлер.

“Жедел жәрдем жарақат алған жерінен стройкадан жедел түрде жеткізген. Диагнозы ауыр ашық ми жарақаты. Операция өтті. Қазір қал жағдайы ауыр”, – дейді Ақмола облыстық ауруханасының нейрохирург дәрігері Талғат Бекенов.

Ал құрылыс компаниясының басшылары ақпарат беруден бас тартты. Тапсырыс беруші «Эстетстрой» компаниясының жетекшісі жауапкершілікті қосымша мердігерге артса, мердігерлікті алған жеке кәсіпкер Қанат Канапин  нысан «Эстетстройдікі» деп ат тонын ала қашты. Қазір бұл жағдайды еңбек инcпекторларымен бірге полиция да тексеріп жатыр.

“Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Еңбек қауіпсіздігі сақталмауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мердігердің кінәсі ме, әлде құрылысшылар қауіпсіздікті сақтамады ма тергеу шараларынан кейін белгілі болады”, – дейді Ақмола облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Әзірге белгілісі, бұл екі жұмысшымен жұмыс беруші компания еңбек келісімшартына отырмаған. Сондай-ақ, құрылыста бастарына арнайы каска кимеген. Айта кету керек, жыл басынан бері, құрылыс кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтамауға байланысты Ақмола облысы бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Алматылықтар жаппай самокатқа көшіп жатыр

Ақмола облысында ауыз су талап еткен жұртқа аудан әкімі ақылгөйсімеуге кеңес берді

Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан танымал қылмыстық топ қолға түсті

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Талқылау