Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Курстасын өлтірді деп айыпталған ҚазҰТЗУ студентіне сот үкімі шықты

Алматыда Бостандық аудандық сотында өз курстасын өлтірді деп айыпталған Қ.Сəтпаев атындағы ҚазҰТЗУ студенті Тілек Текешовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

пышақ

Бостандық аудандық сотының судьясы Людмила Бектемирова айыпталушы Тілек Текешовті ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ, ол жапа шеккен тарапқа 6,1 млн теңге моральдық-материалдық шығын өтейтін болды.
Қаза болған жігіттің ата-анасы аталған айыпты қатайтып, оны əдейі өлтірді деген бапты енгізуді сұраған болатын. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы тарап 15 күн ішінде қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіре алады.
Естеріңізге сала кетсек, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ ғимаратында осыдан бірнеше ай бұрын осы университет студенті Самұрат Жақсылықов өлтірілген болатын. Оның денесі дәретханадан табылды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті мен Самұраттың арасындағы ерегіс кітапханадан басталған көрінеді.

Кітапханадан шыққан екеу өзара мәселені дәретханаға барып шешпек болған. Сол кезде күдікті жәбірленушіні пышақтап, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел жәрдем жетемін дегенше С.Жақсылықов университет ғимаратында көз жұмды.

Талқылау