Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрмаш Махан: Шәкіртті басынан тәрбиелеу ұстазға тиімсіз

Құрмаш Махан шығармашылықтағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші бейнебаян түсірмесе де, жеке ән кешін өткізуді жоспарлап отыр екен. Мұнымен қатар, ол журналист Нәзира Бердалы сөзін жазып берген «Өзім жайлы» атты әнінің мағынасы туралы айтып берді.

14583472_1871378046477560_9209898153216573440_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

– Сіз әдетте ерте тұрасыз ба?

– Әдетте ерте тұруға тырысамын. Рамазан айы болған соң, тарауих намазымды оқып үйге келгенше, сәресінің уақыты жақындайды. Одан кейін таң намазы кіреді. Сол себепті, кеш жатып, сәл кештеу тұрамын. Аласапыран болмаса, күндіз ұйықтап алуға тырысамын.

– Биыл тағы да ән кешін өткізетініңіз рас па?

– Өткен жолы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай авторлық ән кешім өтті. «Беу, Туған жер» деп аталған болатын. Бұл концертте сазгерлік қырымнан танылдым. Көптеген жаңа ән айтылды. Басым бөлігі патриоттық бағыттағы әндер болды. Мұнымен қатар, ана мен бала тақырыбына көп ән арналды. Құдай қаласа, биыл да концертім өтеді деген үміттемін. Өйткені биыл үлкен сахнаға шыққаныма 20 жыл толып отыр. 1997 жылы Қазақ концерт бірлестігіне жұмысқа шақырылып, содан бері үлкен сахнада жұмыс жасап келе жатырмын.

– Колледжде сабақ беріп жүргеніңіз рас па?

– «Эстрадалық ән салу» пәнінен сабақ беріп жүрмін. Құдай қаласа, ұстаздық етіп жүргеніме екі жыл болады. Колледж деңгейі мектеп деңгейінен әлдеқайда жоғары. Балалар жоғары дайындықпен келеді.

– Ән салуға ниеті болғанымен, біраз жаттығуды талап ететін балалар болады. Музыкаға қабілеті жоқ балалардан жаттығудың арқасында әнші шығаруға бола ма?

– Мен әркім өзінің қолынан келетін нәрсені жасауы тиіс деп ойлаймын. Сол себепті, музыкалық колледжге өнерге бір иығын беріп тұрған жастарды алуға тырысамыз. Шәкіртті басынан бастап тәрбиелеу ұстазға да, балаға да, оқу орнына да тиімсіз. Мұндай балалардан басқа маман иелері шығуы мүмкін. Белсенді маманымен толықпаған қоғам кері кетуі мүмкін. Әсіресе, қазіргі бәсеке заманында.

– Жаңа бейнебаяндарыңыз қашан шығады?

– Кейде ойламаған жерден табан астында түсірілім басталып кетеді. Әзірге нақты жоспарым жоқ. Жазылып жатқан, жазылатын жаңа әндер бар. Соңғы түсірген бейнебаяндарымның барлығы интернет желісінде бар. Оларды сол жерден жүктеп көруге болады.

– «Өзім жайлы» деп аталатын әніңіз туралы айтып өтсеңіз.

– Аталған әннің сөзін Нәзира Бердалы жазған. 2007 жылы жазылған болатын. Арада 10 жыл өтіп кеткен екен. Бұл әнді пәлсапалық туынды деп айта аламын. Адамның мейірім танытып, жақсылық жасауға деген құлшынысын оятады. Сондай ниетпен жазылған әннің бірі. Барша адам осындай болса екен деген ақ тілек айтылады. Мәтінінде әдемі теңеулер қолданылған. Адамның осы өмірге келудегі мақсатын сөз етеді.


Жіберіп алмаңыз:

Кенжебек Жанәбілов: Шашты “тықырлатып” алдыруды дәстүрге айналдырғым келеді

Димаш Құдайбергенов саяси білімінің төмен екенін айтты

Димаш Құдайбергенов: Альбомымның қай тілде болатынын шеше алмай жүрмін

Бағлан Жасұлан Базарбаев жайлы: Денесі- үлкен, санасы-баланікі

Талқылау