Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Күретамырын жыртып кетті: Оқушының мойнына абайсызда қарындаш кіріп кетті

Канадада 11 жастағы қыздың мойнына қарындаш кіріп кетті. Дәрігерлер қызды аман алып қалды. 

qaryndash

Оқиға Торонтодағы мектептің бірінде болды. Қыз бала сүрініп кетіп, қарындаш біршама ұзындығына дейін мойнына қадалып қалды. Мұғалімдер жедел жәрдем қызметін шақырды. 

Оқушы өзін жақсы сезініп, тыныс алып жатты. Жара орнынан қан ақпағандықтан көгерген із болған жоқ. 

"Оқушы тұрақты жағдайда болғандықтан біз компьютерлік томография жасаттық. Отаға апармас бұрын қай тамырлардың қысылғанын біліп алдық", - деді дәрігерлер. 

Қарындаштың сол жақ ұйқы күретамырын зақымдағаны анықталды. Қызға ота жасалып, затты алып тастады. Екі күннен соң ауруханадан шығарылды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр