Құрбан Айт мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады
Құрбан Айт мерекесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады, деп хабарланған eGov сайтының 2016 жылғы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндері күнтізбесінде.
Фото: khabar.kz
Биылғы Құрбан Айт дүйсенбі, 12 қыркүйекке тура келіп тұр. Заңнамаға сәйкес, Құрбан Айттың бірінші күні ресми демалыс болып есептеледі. Осылайша, қазақстандықтар 10, 11 және 12 қыркүйек күндері демалады.
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол “Ораза айттан” 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.
Талқылау