Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділова төсін көрсеткен қызға қатысты: Ол сөз ұқпайтын секілді, қандай да бір шара қолдану керек

Қазақстандық дизайнер, суретші Құралай Нұрқаділова төсін жалаңаштаған бойжеткенге қатысты пікір білдірді.

Соңғы кездері желіде қызу талқыға түскен Шырын Нарчаева  Құралай Нұрқаділованің де көзіне түсті. Стилист бойжеткеннің әрекетін сынады. Оны жөнге салу керек деген ойын айтты.

“Бұған дейін хайп жайлы айтқан едім. Бірақ мынау тым артық. Бойжеткен халықтан кешірім сұрағандай болады, кейін тағы жалаңаш суретін салады. Халықаралық порталдарда, әлемдік деңгейде талқыланады. Кеше бір журналист үкіметтен егер халықты сыйламаса, қызды азаматтығынан айыруды талап етті. Кез келген жеке бас мүддесі үшін жасалған хайп намысты көтереді. Ол қыз жай сөзді ұқпайтын секілді. Қатты сөзді де түсінбейді. Мен ханжа емеспін, бірақ үкімет тарапынан қандай да бір шара қолдану керек деп ойлаймын. Ал, сіздер не ойлайсыздар?”, – деп жазды дизайнер.

Желі қолданушылары Құралай Нұрқаділованың сөзін бірауыздан қолдап шықты.

“Құралай текті жердің қызысыз тектілікті тағы көріп тұрмын сізден. Жарайсыз сізді қолдаймын”, “”Шара қолдану керек, мұны тоқтату керек, сөзіңізді көпшілік құптайды”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Балғынбек Имашев бойжеткеннің ісін сынаған жігіттердің өзін намыссыз деп атады. Қызды талқыға салған халықтың өзіне сын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау