Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділова босанғаннан кейін перзентханадан шығуға бір күн қалғанда өзіне киім тігіп алған

Белгілі сәнгер Құралай Нұрқаділова үшінші баласын босанғаннан кейін қатты толып кеткенін айтты. Сондықтан ол перзентханадан қандай киім киіп шығатынын ойлап уайымдаған. Артынша киімін өзі тігіп алыпты, деп жазады Stan.kz.

Құралай Нұрқаділова

«Гардеробтағы киімдерім сыймай қалды. Перзентханадан шығар алдында дүкенге барып келу үшін, дәрігерлерден бір сағатқа сұрандым. Туыстарымның алдында және өзім үшін әдемі болғым келді. Мені анам осылай үйреткен», – деп жазды Нұрқаділова Instagram-парақшасында.

Алайда біршама дүкенді аралағаннан кейін сәнгер өзіне ұнайтын киім таппаған.

«Толық әйелдер сұлу емес пе? Бұл қалай? Мұндай жағдайда қалай әдемі болып жүруге болады. Қызықсыз топтамалар, 60 жастан асқандарға арналған үлгілер, талғамсыз түстер…», – деп жазды сәнгер.

Артынша ол сұр түсті шалбар сатып алып, кеңседен көптеген мата, таспа әкеліп беруін сұраған.

«Осылайша перзентханадан шығуға бір түн қалғанда, зеріктірерлік костюмді тамаша етіп өзгертіп, тігіп шықтым. Таңертең костюмді де, мені де ешкім танымай қалды. 6-палатада жатқан қыз тәпішкемен емес, биік өкшелі аяқ киім, берет киіп, боянып шықты. Осылайша перзентханадан шығуға дайын болдым», – деп еске алды Құралай Нұрқаділова.

Мұнан кейін сәнгер жұмысына қайта кіріскен бойда жаңа топтамаларын сымбатты әйелдерге ғана арнамай, толық әйелдерге де бірдей етіп шығаруды ұйғарған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау