Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Купальникпен жағалауда жатқан суретін көрсеткен Жұлдыз Өмірғали өзін «бөрене», «тақта» деп атады (фото)

Танымал «Кешью» тобының бұрынғы мүшесі, әнші Жұлдыз Өмірғали Қызыл теңіз жағалауында купальникпен жатқан суретін жариялады. Алайда оның суреті жұртқа жақпай қалды, деп жазады Stan.kz.

Жұлдыз Өмірғали

Әншінің сөзінше, ол купальникпен түскен суретін көптен бері салғысы келіп жүрген.

«Мен VS моделі бола алмаймын» немесе «Жағаға бөренені (тақтаны) қағып қойған» сериясынан сурет. Мен осы суретті, жалпы купальник киіп түскен суретімді көптен бері жариялағым келіп жүрген. Сондықтан бақытты қыздың суретін қабыл алыңыздар. Sharks beach жағалауында Қызыл теңізге шомылып жүрміз», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Жұлдыз Өмірғали

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің жартылай жалаңаш түскен суретін жақтырмай қалды.

«Осы кейбір әнші қыздар ұятты жерлерін ашып тұрмаса, оны халыққа көрсетпесе ауырып қалады-ау деймін. Тұрып түсетін еді суретке. Енді жатып, аяғын көтеріп түсетін болыпты», «Өшіріңіз», «Не деген арық», «Қу сүйек, қорқынышты. Арықтау», «Мынау не жатыс, Жұлдыз-ау? Əп-əсем көркің бар, қылықты қызсың. Жарың не дейді? Ұлың не дейді? Анаң ше?» – деп жазды пікір қалдырушылар.

Сондай-ақ, әншіні қолдап, оған ешкімнің сөзін елемеуге кеңес бергендер де табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау