Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құмар ойындарына әуес өнер адамдары

Әншілер концерттен, тойдан түскен табыстарын қайда және қалай жұмсайды? Шоу бизнес өкілдері өздерінен артылған ақшаларын қайырылымдылыққа бере ме? Күні-түні ойынханадан шықпайтын танымал әншілер кімдер? Жұлдыздар жарқырайды” жобасының кейіпкері ата-анасын, жары мен достарын құмар ойындарға алмастыруға не түрткі болғанын өзі айтады.

maxresdefault

Бұл туралы 31 арна жазған.

Голливуд жұлдыздары тапқан қаржыларын оңды-солды шашатындықтарымен жиі көзге түседі. Атақты боксшы Майк Тайсон 2 миллион долларға алтыннан құйылған қауыз сатып алса. Поп-жұлдыз Бейонсе, гаухар тастармен көмкерілген бізөкше аяқ киіміне 312 мың көк қағаз жұмсаған.Ал, Пэрис Хилтон жақында 17 кішкентай итіне арнап 320 мың долларлық үйшік сатып алған болатын. Ал, біздің отандық әншілер өнерден тапқан қаржыларын қайда және қалай жұмсайды?

Күні-түні дамылсыз жұмыс істейтін жұлдыздарға атақпен қоса байлық та оңайшылықпен келмейтіні анық. Дегенмен, шоу-бизнес өкілдері атақты болған сайын өнерден табатын табыстары да еселене түсетіні бар.

Халық артисі Мақпал Жүнісова өнерден тапқан кірісінің басым бөлігін сахналық киім-кешекке жұмсайды екен. Артылса туған-туыстарына, тіпті қажет болса концерттен түскен бар қаржысын қайырымдылыққа да арнай салатын әдеті бар. Жақында Мақпал 100 мың теңгеге мүгедек балаға арба сыйлады.

«Әннің бағын әнші, ал әншінің бағын ән ашады». Бұл нақыл сөз Ақылбек Жеменейге қарата айтылса керек. Себебі, талай жылдар бойы «Қызыл өрік» әні тойдың хитына айналғаны белгілі. Осының арқасында әншінің қалтасы біраз қалыңдапты. Бүгінде әнші бар жиған ақшасына жеке сутдия ашып, киім шеберханасының кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның үстіне әнші анау – мынау емес, қымбат киімдер киетін болған.

Қалталы әрі танымал болған сайын әншілердің әуестенетін әдеттері де өзгеше бола түседі. Ақылбек біраз жылдар бойы құмар ойынға әуестенгенін жасырмады. Алайда, әнші ақшаны өз қалтасынан емес, достарынының есебінен жұмсап отырған.

Құмар ойынға әуестенген өнер адамдары жетерлік. Дегенмен, олардың көбі жасырады. “Нұрлан мен Мұрат” тобындағы әнші Нұрлан Әмір бұрынғы әдетін ашық айтып жүр.

Әншіде осыдан он жыл бұрын танымалдылықтан өзге Алматының қақ ортасында құны 105 мың долларлық екі бөлмелі баспана мен 50 мың долларлық қымбат көлік болыпты. Алайда, өзінің айтуынша, сол бір ойынханаға деген құмарлық әншіні бәрінен айырған екен. Тіпті, осының кесірінен ащы суға да салынған.

Ойынхана арқылы оңай табыс табамын деген Нұрлан өнерге он жылдан кейін қайта оралды. Жақында Нұрлан мен Мұрат тобы қайта бірігіп, күзге таман шоу -концерт бермек.

Жылына екі рет концерт беруді әдетке айналдырған Ернар Айдар өнерден тапқан табысын өнерге жұмсайды.

Күні- түні би үйреніп, вокалдан сабақ алып жүрген әнші Ернар жақында қыз – келіншектердің мерекесіне орай шоу – концерт ұйымдастырмақ. Республика Сарайын жалдаған өнер иесінің халыққа тосын сыйы да бар.

Дегенмен, өнерден тапқан табыстарын шоу-бизнес өкілдері тек өз игіліктеріне жұмсасын деп тілейік
– See more at: https://31.kz/video/show/id/11870#sthash.ULN9EIHJ.dpuf

Талқылау