Құмар ойындарға бола отбасынан айырылған шымкенттік жігіт мамандардан көмек сұрады

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 12:10

26 жастағы қазақстандық азамат құмар ойындарға деген тәуелдігінен арылу үшін мамандардан көмек сұрады.

18095841_776756065821613_6830403322529185792_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Қазақстанда ең ірі казинолар Қапшағай мен Бурабайда орналасқан. Елімізде онлайн құмар ойындар заңды деп танылған. Дегенмен, үкімет тарапынан 2014 жылы құмар ойындардың онлайн жүйесіне лицензия алу үшін бірқатар талаптар күшейтілді. Бірақ осы талаптарға қарамастан, елімізде құмар ойынға тәуелді жандардың қатары азаймай отыр. Солардың бірі – 26 жастағы Ерлан Дүйсенбиев. Ол осы тәуелділігінің арқасында қарызданып, екі рет ажырасуға мәжбүр болған. Анасы оны үйден қуып жіберген екен.

«Астана қаласында тұрып жатқаныма 17 жыл болды. Мектеп пен колледжді осы қалада тәмамдадым. Жақсы отбасынан шықтым. Құмар ойындарына тәуелді болуыңа отбасыңның еш қатысы жоқ. Шынымды айтсам, бұл ойынға қалай беріліп кеткенімді түсінбей қалдым. Ең бірінші дүкендерде тұратын автоматтардан бастадым. 5 жыл бұрын жұмысымның алдында тұрған автоматта ойнап көрдім. Ұтылып қалған ақшамды жылдам шығарып алудың амалын жасадым. Бірақ бірінші рет жеңілген соң екінші мәрте ойнамаймын деп ойлаған едім. Ақыры ақымды жібергім келмеді. Арада 2-3 ай өткен соң отбасын құрдым. Жұмысқа тұра салысымен әлгі ойындарды тағы да ойнай бастадым.

Ұтылған да, жеңіске жеткен де күндерім болды. Ең көп – 1 млн 800 мың теңге ұттым. Бірақ бұл кезде 5-6 млн ақша салған болатынмын. Әрине, ұтысымнан шығын көп екенін саналы түрде түсінемін. Бала кезімде мұндай құмар ойындарға тәуелді болмадым. Алайда ерте жасымнан жұмыс істегенім рас. Мен секілді жүрген әйел адамдар да бар. Олар, тіпті, ойынға бола үйлерін тігіп жатыр.  Бірінші әйеліммен 6 ай бірге тұрдым. Кейін ажырасып кеттік. Бірге тұра алмайтынымызды түсіндік. Ол маған ешқандай кінә артпады. Бар болғаны, бір-бірімізге ыстық сезім болмады. Араға тағы алты ай салып екінші рет шаңырақ көтердім.  Екінші әйеліммен бір жарым жыл бірге тұрдым. Тұңғышым 4 жаста, екінші балам 2 жаста. Екеуімен де ара-тұра араласамын. Бұл жолы ажырасуымызға құмар ойындар себепші болды…

Өзімді де, үйдегілерді де алдап жүрдім. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін өзімді тия алмай келемін. Соңғы рет бүгін таңертең ойнадым. Ата-анама хабарласуға ұяламын. Анам 2 миллиондай несие алып, менің қарыздарымды жапты. Анамды аяғандықтан, бөлек кетуге мәжбүр болдым. Отбасыма тек зиянымды тигізіп жатқандаймын. Анам мені емдету үшін түрлі мамандарға алып барды. Психологтардың да, емшілердің де табалдырығын тоздырдық. Он екі мүшем сау болса да, бұл тәуелділіктен арыла алмай келемін. Қазір басымда 3 млн қарыз бар. Құжаттарымды алған соң жұмысқа орналасып, осы қарыздарымды толық өтегім келеді», – дейді Ерлан Дүйсенбаев.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде отырып Ерлан мырзаның анасына хабарласты. Азаматтың анасы өз кезегінде баласының өзін қатты шаршатқанын айтты.

«Мені ол бала әбден шаршатты. Несие алып оның қарыздарын жаптым. Құмар ойынға тәуелділігін тыймаған соң оны үйден қуып жіберуге мәжбүр болдым. Басқа амалым болмады. Елдің бәріне қарызбыз. Баласы мен келіншегі оны тастап кетті. Енді не істейтінімді білмеймін. Ең мықты деген мамандарға алып бардым. Қалай көмектесетінімді білмеймін. Айтқан кезде «Жарайды, ана. Жақсы» деп кетеді. Екі күннен кейін қайтадан құмар ойынға салына бастайды. Әкесі де мен секілді уайымдап отыр», – дейді Ерлан мырзаның анасы.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бұл жігітке намаз оқып имандық жолына түсуі керек басқа ешқандай жол жоқ

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар