Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құмар Ақсақалов неліктен СҚО-дағы жалақы мемлекет бойынша ең төмен екенін түсіндірді

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әкімдік отырысында 2018 жылдың қорытындысын жасады. Ол неліктен өңірдегі жалақы мемлекет бойынша ең төмен екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Құмар Ақсақалов неліктен СҚО-дағы жалақы мемлекет бойынша ең төмен екенін түсіндірді

Облыс әкімі өңірдегі табысы 1 миллиард теңгеден асатын 100 кәсіпорынның жұмысы тексерілгенін айтты. 2015-2017 жылдар аралығында олардың кірісі 75 пайызға, яғни 276 миллиард теңгеден 484-ке артқан. Салық 41 пайызға өссе, еңбекақы қоры 33 пайызға артыпты. Бұл өңір үшін үлкен пайда көрінгенімен, Құмар Ақсақаловтың сөзінше, айтарлықтай әсер жоқ.

«Кірістің 83 пайызы капиталдық және басқа да шығындарға жұмсалған. Ал салық пен еңбекақыға небәрі 10 пайызы бөлінген. Айырмашылығы – 8 есе», – дейді облыс әкімі.

Өңір басшысы мысал ретінде өңірдегі ірі құрыл компаниясын келтірді. Анықталғандай, ол жерде қызметкерлермен еңбек қарым-қатынасы рәсімделмеген. Жұмысшылар еңбекақысын «конвертте» алған және компания минималды жалақыны көрсеткен. Кәсіпорындардың бірі жылдық жалпы кірісті 16 миллиардтан 34 миллиардқа 2 есе ұлғайтып, былтырғыға қарағанда 180 миллион теңге аз салық төлеген екен. Ал өзге кәсіпорындар таза кірісті 375 пайызға арттырып, жалақыны тек 17 пайызға көтеріпті.

«Кәсіпорындардың басшылары қаржыны өндірісті арттыру, кеңейту, жалақы төлеуге жұмсаудың орнына, басқаша жұмыс істеуді ұйғарған. Көлеңкелі экономика, «конверттік табыс» туралы көптеген сауал туындайды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында аталғандарды жоюды тапсырған еді», – дейді Ақсақалов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау