Құлыбаев: Шенеуніктердің кесірінен бизнес банкротқа ұшырап жатыр

Бейсенбі, 7 Желтоқсан , 2017 17:04

«Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, қазіргі заңнамада мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көрсетілген.

Соның ішінде тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жаза да бар, деп xабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Бүгінде шенеуніктердің кесірінен тұтас кәсіпорындар жабылып жатады. Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық істер бойынша жауапқа тартылған кәсіпорындардың үштен бірі жабылып қалды. Бұл – үлкен шығын. Бәріміз жұмыс орындарын ашып жатырмыз, бизнеске жағдай жасаймыз. Сосын бір күннің ішінде жауып тастаймыз.

Мұның бәрі бизнеске де, мемлекетке де тиімсіз. Бізде ірі кәсіпорындардың да банкрот болған жағдайлары аз емес. Ауыл шаруашылығы саласында ондай оқиғалар жиі кездеседі», – деді Тимур Асқарұлы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға арналған форумда.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту керек.

Бұл – «Атамекен» ҰКП ұстанымы. «Сотта мемлекеттік қызметшілердің кесірінен бизнеске үлкен зиян келсе, ондай шенеуніктерге қатысты нақты шара қолдануымыз қажет.

Сонда бизнес өзінің қорғалуына сенімді болады», – деп атап көрсетті Тимур Құлыбаев. Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы соты мен «Атамекен» ҰКП отандық бизнесті бірлесіп қорғауға уағдаласты. Осыған орай, арнайы жол картасы рәсімделді.

Оқи отырыңыз:

Салыққа келгенде “жоқ-жоқ”: Ерке мен Ернардың ісі сотқа берілді

Бесінші қабаттан құлаған алты жасар баланы құтқарған жігіттің кім екені анықталды

Бас прокурор: Енді азаматтар телефоны жасырын тыңдалғанын біледі

Ресейде бал ашып, балгерлікпе айналысу алаяқтыққа жатқызылатын болды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар