Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлыбаев Ресейдегі Высоцк портын бақылау құқығына ие болады

Кәсіпкер, ҚР президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев Ресей мен Финляндия шекарасында,ы Высоцк портының активтерін сатып алмақ ниетте. Ал Ресейдің шетелдік инвестиция жөніндегі үкіметтік комиссиясы кәсіпкерге өз рұқсатын берді.

Тимур Құлыбаев

Сурет: Reuters

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Үкімет комиссиясы қолдаған өтінішхат Қазақстан азамат Құлыбаев Тимур Асқарұлына қатысты. Ол бірақатар ресейлік акционерден Высоцк портын сатып алмақ. Бұл порт Ресей мен Финляндия шекарасынан 50 шақырым, Санкт-Петербург қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Құлыбаев аталған портты өз бақылауына алады. Алайда бұл Кедендік одақтағы жұмыстардың жалғасы. Қазақстан өкілінің Балтықтағы салмақты активтерді сатып алуы бізді қуантып отыр», – дейді Федералдық антимонополиялық қызметінің басшысы Игорь Артемьев.

Айта кетсек, кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Ұлттық палатасы президиумының төрағасы, «Газпромның» тәуелсіз директоры болып табылады.

Айта кетсек, Қазақстанның ең бай адамы Тимур Құлыбаев Forbes рейтингінде жеңімпаз атанды4 наурыздағы деректер бойынша, оның барлық байлығы 3,3 млрд долларды құрады.

Оқи отырыңыз:

Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-ның депозиттер мен шот ашу лицензиясын тоқтатты

Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)

Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды

Рейхстагты бағындырған соңғы қазақстандық батыр дүниеден озды

Талқылау