Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлсарыда тыр жалаңаш серуендеген Теңіздің 30 жастағы сантехнигі болып шықты

Атырау облысы Құлсары қаласында тыр жалаңаш серуендеген ер адам ұсталды. Ол Теңіздегі компаниялардың бірінің сантехнигі болып шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде қалада тыр жалаңаш серуендеген еркек түсіп қалған видеожазба жарияланып, көпшіліктің ашуын келтірген. Жұрт тәртіп бұзушыны тауып, жазалау керектігін айтып жатты.

«Ол – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Жасы 30-да. Теңіз компанияларының бірінде сантехник болып қызмет атқарады. Ер адам көшеде тыр жалаңаш шешініп жүрген кезде мас болған. Қоғамдық тәртіп бұзушы ұсталды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберіледі. Қоғамдық тәртіп бұзушыға айыппұл салуынуы немесе қамау жазасы белгіленуі мүмкін», – деп хабарлайды Атырау ІІД баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жүк көлігі қырғыздың жүк арбасын қалқалап қалды (видео)

Долларды 100 теңгеден сатқан жалған ақша жасаушылар ұсталған видеожазба пайда болды (видео)

Зың, дың, saebiz: сөзден де, әннен де қадір кетті…

Каспий банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Талқылау