Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында аяғы ауыр әйел мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыппұл төледі

Атырау облысы, Жылыой аудандық соты аяғы ауыр мас әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзу ісін қарады.

20160802084315

Атырау облысы, Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылдың маусым айында азаматша А.К. аяғы ауыр бола тұра, «Киа Рио» маркалы автокөлігін жүргізген. Оны Құлсары қаласындағы «Қуаныш» дүкенінің маңында полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Әкімшілік материалдарды қарау барысында әйелдің жүкті бола тұра, алкогольді ішімдікке мас болғаны анықталды.

Сот қаулысымен А.К. ҚР ӘК 608 бабы, 8 бөлімінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған 424 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда көлікті мас күйінде айдаған полицей жұмыстан қуылды

Қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін ресейлік азаматты Қазақстаннан қумақ

Елдің мазасын алған Ресей азаматшаларын Қазақстаннан шығарып тастады

Талқылау