Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек ұсталды

Жексенбі, 22 Қазан , 2017 11:21

Атырау облысы Құлсары қаласында көшеде тыр жалаңаш жүрген еркек ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында тыр жалаңаш жүрген еркек түсірілген видеожазба бүгін әлеуметтік желілерде пайда болды. Видеожазба көпшіліктің ашуын келтіріп, олар тәртіп бұзушыны тауып, жазалауға шақырды.

«Құлсары қаласында жалаңаш жүрген еркектің тұлғасы жедел түрде анықталды. Ол – 1988 жылы туылған Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Оны қамауға алдық. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін, іс сотқа жіберіледі. Қоғамдық тәртіпті бұзушыға айыппұл салынуы немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оны сот шешеді», – деп хабарлады Атырау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Артистер тартылған Аралда би биледі (видео)

Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды (видео)

Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек

21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар