Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлпынайдан жасалған тамаша 10 десерт

Жаз жақындап, тәтті әрі пайдалы жидек те пісті. Бұл жақындарыңызды құлпынайдан жасалған десерттермен қуантуға таптырмас уақыт.

1d1a9b49ba01cc161b818b76216f1740

Құлпынайдан жасалған десерттерді мерекелік дастарханға арнайы жасауға болады. Ал қақаған қыста жаздың дәмін еске салу үшін жидектерді мұздатқшыта сақтап, қалаған уақытыңызда дәмі тіл үйірер десерт жасай аласыз.

Йогурт пен кілегей қосылған құлпынай десерті

IMG_3162

Қажетті заттар:

  • йогурт (тәтті емес және қоспасыз)
  • майлы кілегей
  • құлпынай
  • қант
  • жалбыз

Дайындалуы:

  • Жидектерді жуып, тазалап, блендерге салып ұсақтаймыз.
  • Кілегей мен йогуртты араластырып, аздаған мөлшерде қант қосып, шайқаймыз.
  • Бокалға не басқа да шыны ыдысқа ұсақталған құлпынайды салып, үстіне кілегей мен йогурт қоспасын саламыз. Жалбыз жапырақтарымен безендіреміз.

Печенье қосылған құлпынай десерті

IMG_3164

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • тәтті печенье
  • майлы кілегей
  • қаймақ
  • қойылтылған сүт
  • карамель не басқа да шәрбат
  • жалбыз жапырақтары

Дайындалуы:

  • Печеньені ұнтақтап, оған аздаған мөлшерде қойылтылған сүт қосып, араластырамыз.
  • Қаймақ пен кілегейді араластырып, шайқаймыз.
  • Жемістерді орташа бөліктерге бөлеміз.
  • Енді шыны ыдысқа қабат-қабат етіп салмыз: печенье мен қойылтылған сүт қоспасы, қаймақ пен кілегей қоспасы, жидектер. Дәл осы ретпен екінші қабатын дайындаймыз.
  • Жалбыз жапырақтарымен безендіреміз.

Қарақат пен банан қосылған құлпынай десерті:

IMG_3167

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • банан
  • қарақат
  • тәтті емес йогурт
  • жүгері қауызы
  • бал
  • жалбыз жапырақтары

Дайындалуы:

  • Құлпынай мен бананды бөлшектеп тураймыз.
  • Йогуртқа аздаған өлшерде бал қосып, араластырамыз.
  • Креманкаға құлпынай бөліктерін, жүгері қауызын, банан бөліктерін, қарақат салып, йогурт қосамыз.
  • Жалбыз жапырақтарымен безендіреміз.

Балаларға арналған құлпынай десерті

IMG_3172

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • ащы және ақ шоколад
  • көкнәр
  • кокос ұнтағы
  • күнжіт дәні
  • жалбыз жапырақтары

Дайындалуы:

  • Жидектерді жуып, тазалап, майлықпен суынан құрғатып аламыз.
  • Ащы және ақ шоколадты ерітіп, жеке дысқа саламыз.
  • Креманкаларға жеке-жеке көкнәр, кокос ұнтағы, күнжіт дәнін саламыз.
  • Әр жидекті еріген шоколадқа салып алып, көкнәр, кокос ұнтағы немесе күнжіт дәнімен безендіріп, үлкен ыдысқа салып қоямыз.
  • Жидектерді 1 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.
  • Ұсынар алдында жалбыз жапырақтарымен безендіреміз.

Апельсин мен құлпынай коктейлі

IMG_3179

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • сүт
  • «Пломбир» балмұздағы
  • апельсин
  • безендіру үшін жалбыз бен қант

Дайындалуы:

  • Жидектерді блендерде ұнтақтап, апелсинді қабығынан тазалап, оны да блендерде ұнтақтаймыз.
  • Мұнан соң балмұздақ, сүт, апельсинді араластырып, шайқаймыз.
  • Бокалдың шетін апелсьин бөліктерімен ысқылап, қант жағамыз.
  • Бокалға құлпынай қоспасын салып, апельсинді қоспа құямыз.
  • Жалбыз жапырақтарымен безендіреміз.

Сырға толы құлпынай десерті

IMG_3180

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • кілегей
  • безе
  • шоколад не кофе ликері
  • қант ұнтағы немесе кокос жаңқасы

Дайындалуы:

  • Асүй комбайнына құлпынайдың жартысын салып, шайқаймыз.
  • Қалған құлпынайды төртке бөліп тураймыз.
  • Безені кішігірім бөліктерге бөлеміз.
  • Кілегейді жақсылап шайқаймыз.
  • Бокалға жидектерді, безе мен кілегейді саламыз.
  • Үстіне шайқалған құлпынай мен шоколад ликерін құйып, қант ұнтағын не кокос жаңқасын себеміз.

Маскарпоне ірімшігі қосылған құлпынай десерті

IMG_3184

Қажетті заттар:

  • маскарпоне ірімшігі
  • құлпынай
  • желатин
  • жалбыз
  • карамель ликері

Дайындалуы:

  • Ыстық суда аздаған мөлшерде желатинді ерітеміз. Суығанша күтеміз.
  • Бұл уақытта құлпынайды жуып, тазалаймыз. Жартысын безендіру үшін бірнеше бөлікке бөліп тураймыз. Қалғанын блендермен шайқаймыз.
  • Құлпынайға маскарпоне ірімшігі мен желатин қосамыз.
  • Араластырып, десертке арналған ыдысқа саламыз.
  • Құлпынай десертін бір-екі сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.
  • Ұсынар алдында құлпынай бөліктерімен, жалбызбен безендіріп, карамельді шәрбат құямыз.

Құлпынайдан жасалған ерекше десерт

klubnichnyj-desert-1

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • апельсин
  • вафли түтікшелері
  • қант
  • йогурт
  • кілегей

Дайындалуы:

  • Апелсинді атзалап, ұсақ бөліктерге бөліп тураймыз.
  • Құлпынайды блендермен шайқаймыз.
  • Вафли түтікшелерінің біразын безендіруге алып қоямыз. Қалғанын ұсақтаймыз.
  • Йогурт пен кілегейді араластырып, қант қосып, шайқаймыз.
  • Енді қабаттап саламыз: апельсин бөліктері, құлпынай, ұнтақталған вафли түтікшелері, шайқалған кілегей мен йогурт.
  • Үстіне құлпынай бөліктері мен вафли түтікшлерін, апелсинсалып, безендіреміз.

Сергітетін құлпынай коктейлі

molochno-klubnichnyy-kokteyl

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • балмұздақ
  • сүт
  • жалбыз

Дайындалуы:

  • Жалбызды сығымдап, шырынын аламыз.
  • Жидектерді біртектес күйге тсүкенше шайқаймыз.
  • Мұнан соң шайқалған құлпынай, жалбыз шырынын, балмұздақ пен сүтті араластырып, қоспаны блендермен шайқаймыз.

Сүзбе мен құлпынайдан жасалған десерт

IMG_3200

Қажетті заттар:

  • құлпынай
  • сүзбе
  • бадам печеньесі
  • табиғи йогурт
  • қант
  • желатин
  • лимон қабығы
  • жалбыз жапырақтары

Дайындалуы:

  • Желатинді суық суға салып қоямыз.
  • Құлпынайды жуып, құрғатамыз. Жартысын безендіруге алып қойып, қалғанын ұсақтап тураймыз.
  • Печеньені ұнтақтаймыз.
  • Сүзбені үккіштен өткізіп, йогурт қосамыз. Қоспаға лимон қабығы мен қант қосып, араластырамыз.
  • Ісінген желатинді су буында ерітіп, оған сүзбе, құлпынай бөліктерін қосып араластырамыз.
  • Қалыптарға тағамдық үлдір төсеп, оған ұнтақталған печенье саламыз.
  • Үстіне сүзбе мен құлпынай қоспасын саламыз.
  • 2 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.
  • Ұсынар алдында десертті қалыптардан алып, тағамдық үлдірді алып тастап, құлпынай жидегімен, жалбызбен безендіреміз.
Талқылау