Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады (фото)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының ауруханасы адамшошырлық жағдайда тұр. Науқастар ем алатын аурухананың жағдайына қарап мұны тастанды, қараусыз ғимарат деп ойлап қаласың.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

Шелек ауруханасының қазіргі жай-күйі туралы «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл қарапайым ауруханаға бүгінгі күнде Шелек ауылының және жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары алғашқы көмек алу үшін барады. Себебі, аудан орталығына дейін 100 шақырым, сондықтан жолдың ұзықтығы әрине науқастардың өмірі үшін қауіпті.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

«Бұл қорқынышты фильмдердегі көрініс емес, еліміздің ауруханаларының біріндегі жағдай. Жүйкелеріңізді тоздырып, хирургия туралы сөз қозғамай-ақ қояйын. Дәрігерлер адам өмірін құтқару үшін барын салады. Алайда, қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне байланысты науқастардың бәрі бұл ауруханадан аман шыға алмайды. Мұнда науқастардың өмірі үшін күні-түні тынбай жүгіріп жүретін дәрігер бар. Бір күні біздің отбасы да жақын адамынан айырылды. Оны ауруханаға әкелгенде қажетті препараттар болмады. Ауыр жағдаймен түскен науқастар жататын жансақтау бөлімі үшінші қабатта орналасқан, ал оған көтерілетін жеделсаты жұмыс істемеді. Соның кесірінен жансақтау бөліміне жеткізіп үлгермедік», -дейді Жанна Асанова.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

Жаннаның отбасында орын алған қайғылы жағдайдың өткеніне де үш жыл болған. Алайда, атышулы Шелек ауруханасында жеделсаты әлі күнге дейін жұмыс істемейді.

«Бюджетте ақша жоқ деп ойламаймын. Қаражат бар, бірақ ауруханаға немқұрайлы жағдайда тұр. Нысан басшыларының ешқайсысы бюджет құрмайды, аурухананың жағдайы үшін күреспейді, бірдеңені өзгертуге тырыспайды. Ал қаражат сұрайтын басшылар аурухананы бұл қорқынышты жағдайдан құтқаратын уақыт келді деп те ойламайды. Кешіріңіздер әрине, бірақ жыламаған балаға емшек бермейді», -дейді Жанна Асанова.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

Айтуларынша, жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері ақша жинап, қабырғаларды өздері сырлап жатыр.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

Өкінішке орай, бүгінде бірнеше ауыл ем алатын Шелек ауруханасында инсультпен түскен науқастарды тексеруден өткізетін құрылғы да жоқ. Олардың миына кеткен қанды аудан орталығына барып тексеру керек. Бірақ, мұндай ауруға шалдыққан адамдарды бір орыннан қозғауға болмайтыны баршамызға белгілі. Осындай құрылғының жоқтынан қаншама қайғылы оқиға орын алды.

Құлайын деп тұрған қабырға мен тесілген еден: Шелек ауруханасының емделушілері қандай жағдайда ем алады

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау