Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлап қалған аялдама: Ақтөбеде 19 жастағы студент анасы мен інісін құтқарып қалды

49 жастағы әйел мен оның екі баласының үстіне аялдама құлап түсті. Әйелдің омыртқасы сынып кетті. Бұл туралы Aktobe Times басылымы хабарлайды.

9 жастағы баласын тәрбиелейтін әйелдің денсаулығына зақым келді. Оның 19 жастағы ұлы Ақтөбеге демалысқа келген. Әйел балалары секілді болған жайтты қорыта алмай отыр. Қазір ол Теміржол ауруханасының  травматология бөлімінде емделіп жатыр.

“Біз аялдаманың артқы жағында тұрдық. Балам өзін жайсыз сезінген соң жуынып жатқан. Мен қырыммен тұрып, аялдаманың құлап бара жатқанын көрдім. Басымда менің балам қалай екен деген жалғыз ой болды. Мен оны өз денеммен жапқым келді. Үлкен ұлым құлап бара жатқан аялдаманы ұстап қалып, мені және інісін құтқарып үлгерді. Сосын мен есімнен танып қалдым. Балаларым қорқып қалған! Сәлден соң баламның “Мама, саған не болды? Өлмеші!” деп айқайлап жатқанын естідім”, — дейді ол.

Сания Сафинаның сөзінше, ұлы аялдаманы жерге түсірген. Сосын сол жерде жараланған бір әйел жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер барлығын ауруханаға жеткізді.

“Ауруханада менің 2-3 омыртқа сүйектерімнің сынып кеткені белігілі болды. Кішкентай баламның беті көгерген, ал үлкен ұлымның саусағы зақымданған. Басқа әйелдің денесінде сызаттар бар. Енді мен аураханада 10-15 күндей жату керекпін. Ары қарай медициналық оңалту басталады”, — дейді Сания Сафина.

Әйелдің ұлы құлап жатқан аялдаманы ұстап тұрғанда оған ешкім көмектеспеген. Жараланған Сания Сафина осыған таңғалады.

“Сағат алты еді. Аялдамада адамдар болды. Олар әдеттегідей барлығын телефондарына түсіріп тұрды”, — дейді ол.

Сания Сафина аялдамаға жауапты адамдардың жазаланғанын қалайды. Ол ауруханаға келген полиция қызметкерлеріне арыз жазып берді.

Оқиға орын алған жерде, яғни Мәншүк Маметованың көшесінде жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын ескерген жөн. Ақтөбелік ІІД-нің пресс-хатшысы Динара Жаналинаның айтуы бойынша, әйел балаларымен тұрған аялдамаға жолдың жөнделіп жатқанына байланысты автобустар бара алмайды. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

Талқылау