Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлағыңыз денсаулығыңыз жөнінде көп нәрседен хабар бере алады

Бірнеше күнде бір рет құлақ тазалау – кәдімгі гигиена талабы. Десе де құлақтағы құлықтың атқаратын қызметі қорғаныспен ғана шектелмейтінін біле бермейміз. Өз кезегінде ол денсаулығыңыз жөнінде көп нәрсені аңғарта алады. Құлақ тазалауға арналған таяқшаның көмегімен құлықтың түсін тексеріп көріп, денсаулығыңыз жайлы жаңа ақпарат алыңыз.

Сұр түсті құлық

Егер құлағыңыздағы құлық сұр түсті болса, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл шаңның салдарынан болуы мүмкін. Мұндай жағдай ауасы лас үлкен қалалар тұрғындарында кездеседі.

Қан аралас құлық

Егер құлағыңызды тазалаған кезде, қан дақтарын байқасаңыз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Бұл дабыл жарғағының тесілгенін аңғартуы мүмкін. Нәтижесінде құлағыңызға инфекция түсіп, құлақтың қабынуына, есту қабілетінің нашарлауына алып келеді. Сондықтан мүмкіндігінше ертерек дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Қоңыр түсті құлық

Құлықтың көп мөлшерде бөлінуі және түсінің күңгірттенуі организміңіздің күйзеліске ұшырағанын аңғартады. Сондықтан ашуланбауға тырысыңыз. Сонымен қатар алдағы аптаны тыныш жағдайда өткізгеніңіз жөн.

Қара түсті құлық

Құлағыңыздан шыққан құлық бер рет қана қара түсті болса, ешқандай ауруды білдірмейді. Ал егер құлағыңыз қышыса, бірден дәрігерге қаралыңыз. Себебі қара түсті құлық саңырауқұлақ инфекциясы түскенін аңғартады.

Ақ түсті құлық

Ақ түсті құлық органзиміңізге дәрумендер мен микроэлементтер жетіспейтінін білдіреді. Нақтырақ айтқанда, организміңіз темір мен мыс жетіспеушілігінен зардап шегуде. Сондықтан құрамында темір мен мыс кездесетін үрме бұршақ, сұлы жармасы, бұршақ, қарақұмық сынды тағамдармен ауқаттанғаныңыз жөн. Немесе арнайы дәрумендер курсын қабылдауыңызға болады.

Иісті құлық

Құлықтан шіріген заттың иісі шықса, инфекция түскенін аңғартады. Құлық иісінің өзгеруінен бөлек, құлағыңызға әлдеқандай шу естілуі немесе құлағыңыз бітеліп қалуы мүмкін.

Мұндай белгілерді байқасаңыз, құлақ дәрігеріне қаралыңыз.

Сұйық құлық

Құлық құрылымының өзгеруі құлағыңыздағы түрлі жарақат немесе қабыну процесі жөнінде хабар береді.

Мұндай жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Құрғақ құлық

Құлық құрылымы өзгеруінің ең негізгі себебі – организміңізге пайдалы майлар жетіспеушілігі.

Егер майлы тағамдармен ауқаттанғаннан кейін де құлық құрылымы өзгермесе, өзге себептерін іздеу керек. Құрғақ құлық терінің қабынуы немесе өзге де құлақ ауруларының салдарынан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығады

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігердің қарамағанын жазғаны үшін сотта кінәлі болды

«Оскарды» ұтқан әйгілі гримерді Назарбаев туралы фильм түсіріліміне шақыртты

Бағдат Мусин: Қазіргі жастар 4 жыл тайраңдап бос жүреді, тек диплом алса болды

Талқылау