Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Маған жас келіндерден өте көп хат келеді. Ажырасқан әйелдердің де көпшілігі енеміздің кесірінен ажырастық, енді балам жылап жүр деген сияқты әңгімелерін көп айтады, дейд Құралай ханым.

21547785469

Негізі келіннің келген жерінде жай­қалып өсіп, гүлдеп, жеміс беруі үшін келген жері, топырағы өсіп-өнуге қолайлы, жақсы болуы керек, деп жазады Замана.

Құм, тас, сусыз, жел ойнап, дауыл соғатын жерде жеміс беріп, гүлдемек тұрмақ, азып-тозып, ұстағанның қолында кететін қу шыбыққа айналатының сөзсіз. Сондықтан бар жауап­кер­шілікті келінге артып, бар жамандықты жас буынға жаба бермей, келген жері де келінге қолайлы жағдай жасауы керек. Бұл – менің ойым.

Келін келеді-ау дегеннен бастап болашақ ата-енелер өзі тұратын аймақтың «табиғатын» дұрыстап, вулкандарды бітеп, жан-жағын ретке келтіруі керек. Өз отбасында болып жатқан «табиғат апаттарынан» тамтығы қалмаған қайынжұрт келін тәрбиелеп, ұрпақ өсіріп, жеміс жейді деймісің?!

Менің идеалым Зейнеп Ахметова бұл жөнінде былай дейді:

«Келін – жат жұртқа келген кешегі қыз бала. Кешегі бұла өскен қыз баланың бір күнде келін атанып, жат жұртқа үйренісіп, бейімделіп кетуі деген өте қиын. Міне, осы кезде жас келінге қа­далатын көз де көп, айтылатын сын сөз де көп. Түк көрмегендей, жас келіннің киген киімі мен жүрген жүрісін сөз қылып, ұнамды қылығы болса, сүліктей қада­латын көзімізді сүземіз. Біздің ең үлкен қателігіміз – осы. Келіннің жолын ауырлататын – өзіміз.

Келінге ененің қолдауы қажет. Жолдасы жұмыстан шаршап келіп, жарына көңіл аудара қоймауы мүмкін. Осындай сәтте ене келінге қолдаушы болуы шарт. Ене болу кез келген әйелдің қолынан келеді. Ақырып-бақырғанның бәрі – ене. Ал келінге Ана бола білу керек. Көп енелер қалай істейді? Олар келін келді, болды деген пиғылда. Екі қолын қусырып, ана шаруаның барлығын келін істеу керек дейді де, бір-ақ күнде патшайымға айналады. Ол дұрыс емес. Бөтен үйдің шаруасын жаңа түскен келін қалай меңгеріп кетеді? Жас келін үшін бұл үйдің салты да, дәстүрі де жат. Сен әуелі үйрет, жаңа ортаға бейімде, жаңа жұрт, жаңа дәстүрді түсіндір. Өзгенің баласын өз балаң етіп ал әуелі. Содан кейін ғана келіннің қызығынан дәмету керек».

Міне, көрдіңіз бе, елдікіне көз сүзіп, ара-тұра қызғаныштан соғыс ашып, жұрт­тың жайқалған бағы мен жайнаған табиғатын көре алмай қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Қаншама отбасының шырқы бұзылуда. Ендеше, келін жақсы болуы үшін алдымен ата-ене өзін түзегені дұрыс.

Мұрны, құлағы кішкентайлар қиын болады дейді…

Осыдан біраз жыл бұрын, ерігіп, декретте отырған кездерімде физиогномика деген ғылыммен танысып, оның жай-жапсарын өзімше зерттеген едім. Содан болар­, қазір адамдармен таныссам болды, бет-әлпетін зерттеп кететін әдет пайда болды. Құлағының қыртыстарын, мұр­нының тесіктерін, бетінің тыртығын, ау­зы­ның жыртығын аңдып отыратын болыппын. Ендеше, есімде қалған ескер­тулерді сіздерге де айта отырайын.

Күйеу таңдап жүрген қыздар, ең бі­рінші кезекте болашақ жарларыңның маңдайына, көзіне, мұрнына, құлағына көңіл бөлу керек. Көз – адам жанының айнасы. Жаны таза адамның жанары да таза болады. Қу көз, арам көздерді кез-келген адам ажырата алады.

Мәселен, ойнақшып, «жүгіріп» тұратын көздер бәрін басқарғысы келетін адамдарда болады. Ал кең маңдайлы жігітке кезіксеңіз, одан балажан, жақсы әке, өзіне өзі сенімді, жолы болғыш, аналитикалық ойы мықты тұлға шығады. Маңдайы тар адамның ойлау қабілеті де сондай келеді екен.

Қазақтар «Жігіттің жақсысы мұрынды келеді» деп бекер айтпаған ғой. Дәу мұрындылар өте жомарт, керемет жігіттер екен де, керісінше, үшкір, кішкене мұрындылар сараң, арам, невротиктар екен. Құлақ неғұрлым үлкен, етті болғаны жақсы екен, ақылды адамдардың құлағы үлкен болады екен. (Қонаевтікі сияқты). Ал кішкентай құлақты жігіттер жүргіш, қаңғыбас, қыдырғыштар екен.

Ал, қыздар, тар маңдай, үшкір мұрын, «түшпара» құлақты жігіт кезіксе, етегінен ұстап ере кетпеңдер. Ойланыңдар!

Еркекке біздің қуанғанымыз керек

«Сіз үнемі күйеуді мақта деп айтасыз. Сонда қалай? Күн-түн демей күйеуімді мақтай берсем, мені кім мақтайды? Жұмыс істеп ақша таппасам да үйдің бар шаруасын өзім атқа­рамын. Үйдің жөндеу жұмыстарын да өзім атқарамын, базарды шарлап, баланы бағып, шегеге дейін өзім қақтырып отырған мені кім мақтайды екен? Бүкіл мадақ оған да, мен сонда кіммін?» – деп ренжіп хат жазыпты бір сіңлім.

Айналайындар, бәленің бәрі осындай ерегістен басталады. Жаным-ау, мақтау қағаз, орден, медальдарды күйеуіңе бере сал, мойнына барлық орден-медальдарды іліп қой, жүрсін жарқырап. Аяғы аяғына тимей. Тағы да орден алуым керек деп. Ал саған орден мен мақтауды Құдай береді.

Ақша беріп, базарға жіберіп қойған кісіден айналмайсың ба? Қасыңда қалқитып: «Болшы-ей!» – деп жүргенінен гөрі уысыңа ақша ұстап, өзің емін-еркін аралаған жақсы емес пе? Ақшаңды әкеп тұрса үйіңді жөндеп берер жұмысшылар да табылады. Оған бола ренжіме.

Күйеуді мақта. «Сенің әкелген ақшаңа ремонт істеттім», «Сен берген ақшаға балабақшаның ақысын төле­дім», «Сенің айлығына мына люстраны алдым», «Сенің ақша бергенің жақсы болды, балаларға киім алдым», «Ой, бүгін керемет болды! Бір аптаға тамақ алдым, сенің айлығына» деп қолпаштап қой. Достарының ортасында да, туыстарыңа да күйеуіңді мақтап отыр. Тұз әкелсе де тәтті екен деп қабыл ал.

Тіпті бар ғой, екі жыл бұрын сатып әперген көйлегін айта бер, «Осы көйлекті әпергеніңе мың рахмет! Әлі жап-жаңа», – деп. Киген сайын көлбеңдеп, қуанып жүр. Ертесіне тағы көйлекке ақша береді. Қара да тұр. «Ой, оның мінезі жаман, өйте алмаймын» десең, онда балаңды үйрет. Не әкеп берсе де қуаныштан жарылып кетердей болсын әкем әкелді деп. Еркекке біздің қуанышымыз, бақытты болғанымыз керек.

Күйеуіңнің түк таппай үйде отырған кезінде «мен алдым», «мен салдым», «мен жасадым» деп кеудеңді ұрып, ерегісе берсең, бес-алты жылдан кейін шынымен бәрін өзің жасап, өзің табатын боласың. Айтпады деме…

Тағы да оқыңыз:

Астана супермаркетінде жұмысшы әйел қамырды кір қолымен иледі (видео)

Сәтпаев полицейлері 5 жасар қызды пәтерде зорламақ болған ер адамнан құтқарып қалды

Балгер 3 жасар қыздың ішіне 7 инені сұғып жіберген (фото)

Алматыда 16 жастағы спортшы қыз жоғалып кетті

Талқылау